Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылы Алматыда 73,9 мың жұмыс орны ашылды

2024 жылы Алматыда 73,9 мың жұмыс орны ашылды

Әлеумет 22.01.2025, 16:51 1,000
2024 жылы Алматыда 73,9 мың жұмыс орны ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылы Алматы бюджетінің кірісі 1874 млрд теңгеге дейін өсті

2024 жылы Алматы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуды көрсетті. Қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,5% болжамды өсімнен асып, 8,3%-ға жетті. Көлік қызметтерінің көлемі 25,3%-ға, құрылыс көлемі 17%-ға және сауда көлемі 8,6%-ға өсудің драйверлері болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

2024 жылдың 9 айында Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты көрсеткіште 3,8%-ға өсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ өсімі 5,8%-6% деңгейінде бағаланса, 2025 жылы экономикалық өсімнің 6,4%-ға дейін жеделдеуі болжанып отыр.

Қала экономикасының қарқынды өсуінің арқасында жергілікті бюджеттің кірісі артып келеді. 2024 жылы Алматы бюджетіне 1 874 млрд теңге салық және төлемдер түсті, бұл 24% өсім көрсетіп отыр. Негізгі кірістер – шамамен 70%-ы - ШОБ дамуы есебінен қамтамасыз етілген.

2024 жылдың 9 айында алматылықтардың орташа табысы 335 мың теңге болып, нақты көрсеткіште 10,2%-ға өсті. Орташа айлық жалақы нақты түрде 6,1%-ға өсіп, 470 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары.

2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды, оның 83,2%-ы – тұрақты жұмыс орындары (61,5 мың). Соның нәтижесінде 2024 жылдың III тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді.

Жоғары іскерлік және инвестициялық белсенділік сақталуда. 2024 жылы негізгі капиталға инвестиция өңдеу өнеркәсібіне (2,9 есе), білімге (84,7%), көлік (37,5%), денсаулық сақтау (31,3%) салаларына салынған инвестицияның айтарлықтай өсуі есебінен 8,2%-ға ұлғайды. 90%-ы жеке инвестиция болса, олардың өсімі 6,2% болды.

Қаланың қолайлы инвестициялық климаты жоғары несие рейтингпен расталады. 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының «ВВВ+» деңгейіндегі дербес несие рейтингін, «Тұрақты» болжамын растады.

Шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, бұл салада тұрақты жұмыс орындарының 80%-дан астамы құрылды. 2024 жылы субсидиялауға, кепілдік беруге және несие беруге бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлініп, ШОБ-тың 2507 жаңа жобасы қолдау тапты.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту қала экономикасын әртараптандырудың негізгі басымдықтарының бірі. «Алматы» индустриалық аймағында 485 млрд теңгеге 67 жоба іске асырылып, 11,6 мың жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 197 млрд теңгеге 15 жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, бұл 2700 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. «АТП» АЭА-да 31 млрд теңгеге 13 жоба жүзеге асырылып, 220 жұмыс орны ашылды. Биыл 10 млрд теңгеге 5 жобаны іске қосу көзделген, бұл 361 жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.

2040 жылға дейінгі бекітілген Бас жоспарға сәйкес, құрылыс тығыздығының төмендету және жасыл аймақтарды ұлғайту көзделіп отыр. Осыған байланысты 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 10,3%-ға төмендеді. 2023 жылы 2,67 млн шаршы метр болса, 2024 жылы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жалпы, 2024 жылға белгіленген экономикалық өсім мен бюджет кірісінің барлық параметрі орындалды. Биыл да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің қарқынды дамуы жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экономика #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Кеше 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Кеше 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Кеше 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Кеше 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика