Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2022 жылы жүктілік пен босану кезінде берілетін ең...

2022 жылы жүктілік пен босану кезінде берілетін ең жоғары төлем өседі

Әлеумет 12.12.2021, 08:38 1,599
2022 жылы жүктілік пен босану кезінде берілетін ең жоғары төлем өседі
Cурет: Egemen.kz

Жалақының нақты мөлшері әлеуметтік аударымдармен расталады


1 қаңтардан бастап жүктілік және босану бойынша бір реттік ең жоғары төлем мөлшері өседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Қазір табысы 7 ең төменгі жалақыдан (297 500 теңгеден жоғары) асатын әйелдер 1 124 550 теңге ала алады (42 500*7*4,2-10%), жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты бұл сома 1 587 600 теңгеге дейін өседі (60 000*7*4,2-10%).


Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа тікелей байланысты екенін хабарлады.


«Әлеуметтік аударымдар ең төменгі 1 жалақыдан (2021 жылы 42 500 теңге, 2022 жылдан бастап 60 000 теңге) және 7 ең төменгі жалақыдан (2021 жылы 297 500 теңге, 2022 жылдан бастап 420 000 теңге) аспайтын кірістен төленеді», деп хабарлады министрлік.


Мысалы, егер әйелдің бір жыл бойы ай сайын 500 000 теңге көлемінде табысы болса және 126 күнтізбелік күн толық мөлшерде жүктілігі және босануы бойынша демалыс алатын болса, онда төлем былай есептеледі:
500 000 * 4,2 – 10% = 1 890 000 тг.


Бұл сома жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік және босану бойынша бірреттік төлемнің ең жоғары мөлшерінен асады. Осы сомадан әйел ең жоғары тиісті төлемді алады – 2021 жылы 1 124 550 теңге және 2022 жылы 1 587 600 теңге.


Қалған соманы (765 450 және 302 400 теңге) жеке еңбек шартында көрсетілген болса, жұмыс беруші төлеуі мүмкін.


Егер соманы есептеу кезінде әртүрлі жылдардағы айлар қамтылса, ең төменгі айлық жалақы сол жылдағы көрсеткіш бойынша есептеледі (2021 жылы 42 500 теңге және 2022 жылы 60 000 теңге).
Аталған төлемнің мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалысты ресімдеген айдың алдындағы соңғы 12 айда қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады ("міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңның 23-бабының 3-тармағы).


Жалақының нақты мөлшері әлеуметтік аударымдармен расталады. Бұл есептеу кезінде табыс мөлшері көрсетілген кезеңде қорға түскен әлеуметтік аударымдар бойынша анықталатынын білдіреді.


Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептелетінін, оны анықтау үшін орташа айлық кірісті және соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентін арттыру қажет екенін атап өтті.
 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге #төлем #жәрдемақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Актер Әбілмансұр Серіков тағы да шаңырақ көтерді

Бүгін 11:57

Алматылық арудың жүрегіне жасалған күрделі ота сәтті өтті

Бүгін 11:54

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:37

Биыл баспана бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Бүгін 11:28

Былтыр кезекте тұрған 14,5 мың адам баспаналы болды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі