Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2022 жылы алматылықтардың 80%-дан астамы МӘМС жүйе...

2022 жылы алматылықтардың 80%-дан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылған

Әлеумет 18.02.2022, 06:30 1,690
2022 жылы алматылықтардың 80%-дан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылған
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев 2022 жылдың басындағы және өткен жылғы МӘМС жүйесіндегі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 2022 жылы 187 медициналық ұйыммен (оның 80-і мемлекеттік) жалпы сомасы 213,2 млрд теңгеге шарт жасалғаны белгілі болды, оның ішінде: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде 117,7 млрд теңге және МӘМС жүйесінде – 95,4 млрд теңге. Ағымдағы жылы барлығы 12 медициналық ұйым қосылды.


Тілеухан Әбілдаев атап өткендей, Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып, Алматы қаласының 2 024 989 тұрғынының ішінде сақтандырылған халықтың саны (2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша) 81,1%-ды құрады. Сақтандырылмағандардың саны 382 940 адамды немесе 18,9% құрайды.


Спикер сақтандырылған тұрғындарға МӘМС әлеуетінің арқасында  барлық жоспарлы, қымбат консультациялық-диагностикалық қызметтердің  қолжетімді екенін еске салды.


Т. Әбілдаев 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы да айтып берді, өткен жылы медициналық сақтандыру қорынан сақтандырылған алматылықтардың медициналық көмегін төлеуге шамамен 93 млрд теңге жұмсалды.



«Барлық жоспарлы медициналық көмек МӘМС жүйесі есебінен өтеледі. Өткен жылы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмекті төлеуге жұмсалды – 48,6 млрд теңгеден астам, тағы 3,9 млрд теңге күндізгі стационар қызметтерін төлеуге бағытталды», - деді Т. Әбілдаев.



ӘМСҚ Алматы филиалының директоры 2021 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген қымбат тұратын талдаулар, диагностика және операциялар саны айтарлықтай өскенін, МӘМС енгізілгенге дейін халықтың оларға қолжеткізе алмағанын, енді медициналық сақтандыру есебінен қолжетімді екенін айтты.


Мәселен, өткен жылы консультациялық-диагностикалық көмек көрсеткені үшін медициналық ұйымдарға 14,5 млрд теңге төленді. Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие КТ және МРТ. Жыл ішінде Алматы қаласы бойынша 848,1 млн теңгеге КТ-ның 70 мыңнан астам қызметі, шамамен 681,8 млн теңгеге МРТ-ның 50 мыңнан астам қызметі және 1,5 млрд теңгеден астам сомаға позитронды-эмиссиялық томографияның 6 мыңнан астам қызметі көрсетілді.


МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтер арасында оңалту жеке маңызға ие. Оңалту көмегіне 6,2 млрд теңге бағытталды, оның ішінде постковидті оңалтуға 222,4 млн теңге.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сақтандыру #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50

Қазақстанның 5 өңіріне су тасқыны қаупі төнді

Бүгін 17:43

Депутат Нартай Сәрсенғалиев жаңа Конституция жобасына қатысты үндеу жасады

Бүгін 17:37

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

Бүгін 17:32

Қазақстандықтар шетелде басқа учаскелерде дауыс бере алады

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика