AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 20 мектеп, 199 мың жұмыс орны, 1 000 аула...

20 мектеп, 199 мың жұмыс орны, 1 000 аула...

Әлеумет Бүгін 15:23 33
20 мектеп, 199 мың жұмыс орны, 1 000 аула...

Алматы қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған 2023–2025 жылдардағы Жол картасының орындалу барысы қаралды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы үш жылда қалада әлеуметтік және инфрақұрылымдық жаңа негіз қалыптасты. 34,2 мың оқушыға арналған 20 мектеп және шамамен 2 мың орындық 6 қосымша ғимарат салынды, 7 балабақша ашылды. Заманауи қосымша білім беру орталықтары іске қосылып, оларда апта сайын мыңдаған бала білім алуда.

Денсаулық сақтау саласында бір ауысымда 1140 келушіге қызмет көрсететін 5 медициналық нысан пайдалануға берілді, 140 келушіге арналған ерте араласу орталығы ашылды, 1200-ден астам адам заманауи оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Қала экономикасы да қарқынды дамуда: индустриялық аймақта 42 өндірістік жоба іске қосылып, 9,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жалпы үш жыл ішінде 199 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. 16 мыңнан астам бизнес-жоба мемлекеттік қолдаумен қамтылып, 1100-ден астам грант берілді.

Қалалық инфрақұрылым ауқымды түрде жаңартылуда. 700 шақырымнан астам жол салынып және жөнделді, 330 шақырымнан астам сумен жабдықтау желілері тартылды, ондаған шақырым инженерлік желілер жаңғыртылды. Орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 99,2%-ға жетті.

Қалада 1 019 аула абаттандырылып, 224 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, 331 лифт ауыстырылды. 1 200 газбен жүретін автобус пен 212 троллейбус сатып алынып, 30 қала маңындағы маршрут іске қосылды.

Әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінуде. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 4 554 жас тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 30 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылып, 2 мыңнан астамы жастар тәжірибесіне жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Балалар ғылыми музейі ашылады

Бүгін 17:10

Тоқаев әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды

Бүгін 17:08

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13

Жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика