конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2 тоннадан астам сапасыз өнім саудадан алынды

2 тоннадан астам сапасыз өнім саудадан алынды

Әлеумет 19.11.2024, 15:52 1,008 Bakyt
 2 тоннадан астам сапасыз өнім саудадан алынды
Сурет: Gkb4.medgis.ru

Денсаулық сақтау министрлігі өнімнің қауіпсіздігі мен «сұр сертификаттарды» бақылауды күшейтеді

Өнімнің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау Денсаулық сақтау министрлігінің басты стратегиялық міндеттерінің бірі болып қала береді. 2015 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай санитарлық талаптарға және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 22 техникалық регламентіне сәйкестігін тексеру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілетін профилактикалық бақылау жүйесі жұмыс істейді. Оның ішінде 13 регламент тамақ өнімдеріне қатысты.

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылдың тамыз айынан бастап өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың жаңа тәсілдері енгізілгенін мәлімдеді. Бақылау сатып алу және кейінгі сараптама арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда 5 мыңнан астам өнім сынамасы тексерілді, оның 35%-ы белгіленген стандарттарға сай келмегені анықталды. Бұл ретте жедел түрде 439 шара қабылданып, 2 тоннадан астам сапасыз өнім саудадан алынды.

Импорттық өнімдерге бақылауды күшейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, 34 өндірушіге қатысты зертханалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар Ұлттық сараптама орталығының 84 аккредиттелген зертханаларында орындалуда. Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінің шекараларындағы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Осыған орай, 2 мыңға жуық тауар партиясының импорты тексеріліп, 177 тауардың елге әкелінуіне тыйым салынды.

«Сұр сертификаттарға» қарсы күрес шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл шара заңсыз құжаттардың таралуын болдырмауға бағытталған.

Министрлік өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырып, тұтынушылардың денсаулығын қорғауға ерекше назар аударады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #дәрі #стратегия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Кеше 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);