AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыла...

1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

Әлеумет 23.02.2026, 17:35 196 dulatbekova
1870-тен астам диқан егіс жұмыстарына ерте қаржыландыруға қол жеткізді
Сурет: Gov.kz

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған ерте қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жалғасуда.

Бағдарлама бойынша өтінім қабылдау 2025 жылғы қазанда басталған болатын. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 5 пайызды құрайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бүгінгі күні 2429 ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіден 312,4 миллиард теңге көлемінде өтінімдер іріктелді. Қазіргі уақытқа дейін 200 миллиард теңге сомасына 1879 өтінім қаржыландырылып, 2,4 миллион гектар егіс алқабы қамтылды.

Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігі іске асырылуда, ол несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда 86 миллиард теңге сомасына 526 кепілдік берілді.

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау Мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес 1 қазанда басталды.

Қаржыландырудың ерте басталуы диқандарға 2026 жылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Қаражат жанар-жағармайды тиімді бағамен сатып алуға, минералды тыңайтқыштар алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға бағытталмақ.

Жеңілдікті қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын дайындау мен өткізуге ғана емес, сондай-ақ орақ науқанына және маусымдық шығындарды өтеуге де қолжетімді. Қаражат ел бойынша Аграрлық несие корпорациясының өңірлік бөлімшелері және серіктес қаржы ұйымдары арқылы беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#егіс жұмыстары #қаржыландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);