AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 18 тамыз - әуe шебін қорғаушылардың кәсіби мерекес...

18 тамыз - әуe шебін қорғаушылардың кәсіби мерекесі

Әлеумет 18.08.2025, 10:04 881
18 тамыз - әуe шебін қорғаушылардың кәсіби мерекесі
Сурет: Gov.kz

18 тамызда Ұлттық қауіпсіздік жүйесі негізгі компоненттерінің бірі - ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 27 жыл толып отыр.

Бүгінде Қарулы күштердің бұл түрі Қазақстан әскерінің қуатты, жоғары технологиялық және ұтқыр құрамдас бөлігіне айналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олардың құрамына Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштері кіреді. Олар әуе шебін сенімді қорғауды, стратегиялық маңызды мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді бүркемелеуді қамтамасыз етеді. Қарулы күштердің басқа түрлері мен әскер тектерін авиациялық қолдау міндеттерін орындайды.

Мамандарды даярлау бейінді әскери оқу орындарында жүргізіледі. Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты ұшу және инженерлік-техникалық құрамның мамандарын, ал Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және байланыс әскерлері үшін инженерлік кадрлар даярлайды.

Әскери-әуе күштерінде аэродинамикалық, ұшу және жауынгерлік сипаттамалары бойынша әлемдегі ең жақсы деп танылған заманауи жауынгерлік, әскери-көліктік, жаттығу ұшақтары мен тікұшақтар бар. Өткен жылы авиациялық парк 37 тоннаға дейін немесе 100-ден астам әскери қызметшіні ұзақ қашықтыққа тасымалдауға қабілетті көпфункционалды А400М әскери-көліктік ұшағымен толықты. Әуе кемесін пайдаланған жарты жыл ішінде экипаж жеке құрамды тасымалдауда бірқатар міндеттерді орындады. Оның ішінде Голан жоталарындағы бітімгерлерді ротациялау, қазақстандық командалардың Біріккен Араб Әмірліктеріне UAE SWAT Challenge-2025 халықаралық жарыстарына апарып келу, "Айбын-2025" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын көлікпен қамтамасыз ету бар.

Әуе қорғанысы күштерін дамытудың маңызды басымдығы автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып отыр. Бұл әуе қаупі жағдайында барлық бөлімшелердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, оның ішінде жедел ақпарат жинаудан бастап жауынгерлік іс-қимылдарды үйлестіруге және ұшуды басқаруға мүмкіндік береді.

Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік дағдыларды арттыру, ұшу құрамын күрделі міндеттерді орындауға дайындау, жоғары пилотаж дағдыларын игеру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Әскери ұшқыштар әрқашан бейбіт тұрғындарға көмекке келуге дайын. Армиялық авиация экипаждары адамдарды эвакуациялауға, 2024 жылғы су тасқыны кезінде азық-түлік пен гуманитарлық жүктерді жеткізуге, Абай облысындағы орман өртін сөндіруге және жедел ден қоюды қажет ететін басқа да міндеттерге тартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#18 тамыз #әуе шебі #кәсіби мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);