AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 18 секундта тіркелген неше адам көлік алды

18 секундта тіркелген неше адам көлік алды

Әлеумет 27.03.2023, 22:00 974 Almaty-akshamy
18 секундта тіркелген неше адам көлік алды
Сурет: Almaty.tv

Халықтан түскен ескертулерді назарға алып, қордың ІТ мамандары сайтты жаңартып жатыр


Аutonesie.kz порталына тіркелген 761 адамның 500-ден астамы көлік алып үлгерген. Өнеркәсіпті дамыту қоры қазір сайтты жетілдіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Жеңілдетілген автонесиені жұрт қатты күтіп-ақ жүр. Алайда портал арқылы алу мүмкін екеніне күмәнмен қарайды. Себебі 18 секундта 761 адам тіркелсе, ендігісінде әлгі секундтар бірнеше есеге қысқаруы мүмкін ғой. Ал қас қағым сәтте электронды цифрлы қолтаңбаны ашу анау-мынау адамның қолынан келмейді. Кейбірі порталға тіркелуден күдерін үзіп, пайызы жоғары несиемен машина сатып алыпты.



«Мен машина аламын деп көрдім. Бірақ тізімге іліккен жоқпын. Одан кейін ақшама сатып алдым», – деді тұрғын.



«18 секундта 760 адам алғанына сенем. Қазір интернетке байланысты ғой. Бұл да 1 минуттан артық болмайды-ау деп ойлаймын», – деді тұрғын.



«18 секундта жабылып қалды деген мүмкін емес, сіз оған өзіңіз сенесіз бе? Өзің барып, алғашқы жарнаны төлеп, алған дұрыс сияқты ғой», – деді тұрғын.



Осы жеңілдетілген автонесие бағдарламасына портал дайындап, 761 адамның тіркелуіне мүмкіндік берген Өнеркәсіпті дамыту қоры қазір сайтты жетілдіріп жатыр. Яғни, халықтан түскен ескертулерді назарға алып, қордың ІТ мамандары оны жаңартып жатыр. Ләйлә Тоқмұханбетованың айтуынша, 6 ақпан күні сайтқа алғашқы азамат 10:00:01 секундта тіркелген. Физикалық тұрғыда бұл мүмкін емес болып көрінеді, алайда, қор өкілдері олай ойламайды.


«6 ақпан күні платформа іске асырылған кезде бір уақытта 125 мың адам тіркелуге ниет білдіреді. Сондықтан сағат 10:00-да және 1 секундта тіркеліп болады», – деді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Ләйлә Тоқмұханбетова.


Аталған бағдарламаға өтінім беру үшін портал ай сайын ашылып, оған кем дегенде 100 адам қатысады деп болжанған болатын. Алайда, ендігі пулға өтінім қабылдау қашан басталатыны белгісіз. Өнеркәсіпті дамыту қоры порталдың ашылатын уақытын алдын-ала хабарлайтын болады.


Айта кетейін, әр өтініш 60 күн жарамды. Егер осы уақытта пайдаланылмаса, келесі айдағы пулға автоматты түрде өтеді. Еске салайын, жеңілдетілген автонесие арқылы алатын көліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Несие сомасы 10 миллион теңге. Бастапқы жарна төлемейсіз. Қаржыландыру мерзімі - 10 жыл. Сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз. Осындай тиімді шарттармен машина алғыңыз келсе, алдымен autonesie.kz сайтына тіркелу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автонесие #көлік #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);