Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 17 жастағы Ақерке

17 жастағы Ақерке

Әлеумет 16.02.2023, 04:03 879
17 жастағы Ақерке
Фото В.Заикин

өзінің еміне адал еңбегімен қаражат жинап жүр


Алматыдағы «Алтын орда» базарының алдында қоларбада отырып ән салатын сүйкімді бойжеткенді бәріміз де әлеуметтік медиа арқылы білеміз. Оның аты-жөні – Ақерке Сүлейман. 17 жаста. Алматы іргесіндегі Қырғауылды ауылында тұрады. Мегаполис колледждерінің бірінде онлайн білім алып жүр.


Өткенде анасы екеуі «Таңшолпан» бағдарламасына да келген болатын. Бес ағайынды Ақерке – егіздің сыңары. Ол көрермендеріне қызым аяғынан тұрып кетсе екен деп, жарғақ құлағы жастыққа тимей, тыным таппай жүрген анасының ешқашан мұңаймағанын, үнемі қуанып жүргенін қалайтынын жеткізді. Ал анасы қызының бала күнінен өнерге, әнге құмар екенін, әр қадамын қолдайтынын айтты.


Анасының айтуынша, Ақеркеге кішкентай күнінде ота жасалып, бір қолы істемей қалған. Есейе келе қоларбаға таңылған. Ал Түркия елінің дәрігерлері қызды аяғынан тұрғызамыз деп бекініп отырған көрінеді. Бірақ оған 15 млн теңге қаражат керек.



Ән салуға құмар Ақерке «Алтын орда» базары алдында ән салатын Әділет деген жігітті «ТикТок» арқылы көріп, өнеріне тәнті болып жүрген болатын. Бірде сол маңда анасымен келе жатып, батылдық танытып, Әділеттің жанына барады. Жігіт өзіне қоларбамен таяп келген бейтаныс қарындасты еш тосырқамай, бетінен сүйіп, мейіріммен қарсы алады. Содан бері Әділет те әнші қызымызға қолдау көрсетіп келеді.



Иә, 17 жастағы қыз өлең айтып, базар алдынан өтетін жүргіншілерді әнге бөлеп, жақсы көңіл-күй сыйлап, адал еңбегімен өзінің еміне қаражат жинап жүр. Ақерке Сүлейман кейінгі екі айда отаға қажетті 15 миллион теңгенің 11 миллионнан астамын тапқан.


Бүгінде отаға қажетті қаражат жиналып та қояр ма еді, егер орта жолдан киліккен алаяқтар болмаса. Иә, әлдебір белгісіз адамдар Ақеркенің суреті мен бейнежазбаларын пайдаланып, әлеуметтік желілерден фейк-парақшалар ашып, өз есепшоттарына ақша жинап жүрген көрінеді. Тіпті, бір фейк-парақшада «Ақеркенің отбасы қажетті аппаратты сатып алып, қыз аяғынан тұрып кетті» деген ақпарат тараған. Ал өмірге құштар қайсар қыз «Алтын орда» базарында ән салып отыр. Еміне қажетті қалған қаражатты жинауға әлі де үмітті.


Әзірлеген Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Акерке #еңбек #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды

Бүгін 12:59

Айгүл Сәдуақасова: Халық кеңесі өңірлік мүдделерді нығайтуда маңызды рөл атқарады

Бүгін 12:54

Алматыда Senat open республикалық шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті

Бүгін 12:46

Ерлан Саиров: Құрылтай мен Халық кеңесі институттары үкіметті бақылауды күшейтеді

Бүгін 12:40

Айдос Сарым: Заң жобаларын қарау үдерісі 5–6 сатыдан өтуі мүмкін

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі