Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 17.02.2023, 02:00 1,203
17 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Жеті өңірде қар жауып, көктайғақ, тұман болады 


17 ақпанда еліміздің 7 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде боран болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жезқазғанда түнде тұман түседі деп күтіледі.


Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.


Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада көктайғақ болады деп күтіледі. 


Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді. Қарағандыда түнде тұман болуы ықтимал.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында көктайғақ болуы ықтимал.


Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді. Таразда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді. 


Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #тұман #Қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Бүгін 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика