AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / 15-тен астам әлемдік марапаттарға ие болған «Ағайы...

15-тен астам әлемдік марапаттарға ие болған «Ағайындылар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Мәдениет 21.08.2024, 11:18 1,636 dulatbekova
15-тен астам әлемдік марапаттарға ие болған «Ағайындылар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Сурет: aqshamnews.kz

Астанада «Ағайындылар» фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

«Ағайындылар» – 15-тен астам әлемдік марапаттарға ие болып, тәжірибелі сыншылардың жүрегін жаулап алған фильм. Киножобаны Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен «Golden Man Media» компаниясы жарыққа шығарған, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Фильм желісі бойынша Ақжол балалар үйінен алыстап, әкесінің тірі екеніне көз жеткізіп, оны іздеуге кіріседі. Көршісі Димашпен бірге күнкөріс қамымен түзу жолдан тайып, қарақшылықпен айналысады. Туысқандарымен аяқасты кездесулердің бірінде Ақжол  бауырының барын біледі. Ағасын тапқан Ақжол онымен бірге әкесін іздеуді жалғастырады. Фильм драма жанрында, сюжет желісі екі ағайындының шытырман оқиғасына құралған.

«Ағайындылар» – режиссер Дархан Төлегеновтың жарқын дебюті. Фильм 2020 жылы Ұлттық кино орталығының қолдауына ие болған. Тұсаукесері 2022 жылы неміс кинофестивалінің Олденбург халықаралық кинофестивалінде өтті және сол жерде «Кино рухы» сыйлығымен марапатталды. Фильм басынан аяғына дейін сапалы сценарийімен және қорытынды эпизодтарымен көрерменнің назарын аударады. Картинада Әлішер Исмаилов, Айбар Салы, Азат Жұмаділ, Жанель Мақажан және Дулыға Ақмолда секілді актерлар ойнайды.

«Іріктеу барысында дебютанттарға баса мән бердім, киноға қадам басып жатқан жаңа актерлерге басымдық берілді. Фильм отбасының, жақын жандардың жылулығы маңызды екенін көрсетеді», – дейді режиссер.

Тағы бір маңызды дүние – «Ағайындыларды» қазақ киносының өте сирек категориясы – арт-мейнстримге жатқызуға болады. Айта кету қажет, фильм 22 тамызда еліміздің барлық кинотеатрларына жол тартады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#астана #Ағайындылар #фильм #жабық көрсетілім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Бүгін 18:59

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Бүгін 18:54

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);