AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 15 мыңнан астам жас қазақстандықтар Президенттің с...

15 мыңнан астам жас қазақстандықтар Президенттің саяси реформалар бағдарламасын қолдады

Әлеумет 18.03.2022, 13:43 1,057
15 мыңнан астам жас қазақстандықтар Президенттің саяси реформалар бағдарламасын қолдады
almaty-akshamy.kz

Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» жастар фестивалі өтті. Жас қазақстандықтар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын қолдады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


«Алматы Арена» алаңында өткен іс-шараға жүздеген жастар қозғалысының белсенділері – өнер қайраткерлері, спортшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жас кәсіпкерлер мен студенттер қатысты.




Фестиваль-концерттің бастамашылары мен демеушілері бизнесмен, меценат Сырымбек Тау және оның жолдастары болды. «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысын шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Құлымбет, G-38 студенттер қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров және басқа да белсенді жастар өкілдері қолдады.



Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында: «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір азаматтың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз», - деп атап өтті.



Жастар фестивалінің қатысушысы - халықаралық білім беру корпорациясының бірінші проректоры Қайыржан Меңдіғалиев Президенттің бастамаларын қолдайды. Ол «Жаңа Қазақстан» қозғалысы жігерлі және сапалы жұмыс істеуге ұмтылатын жастарға көмектесе алады деп санайды.



«Мен іс-шараға студенттермен бірге  «Жаңа Қазақстан» бастамасын қолдауға келдім. Бүгін біз бәріміз  Президентіміз-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төңірегіне біріктік.  Оның идеялары, реформалары, Жолдауы  айналасында. Қымбатты достар, бүгінде  біздің Президентіміз айтқандай – «Біздің күшіміз – бірлікте» Осы күрделі кезеңде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігі сияқты құндылықтар бірінші орынға шығады», – деп атап өтті Қайыржан Меңдіғалиев.




Қазақстан-Британ техникалық университетінің проректоры Екатерина Смолякова: "Біз ұлы жетістіктердің алдында тұрмыз. Болашағымыз бүгін басталады. Қазіргі жастар білім мен инновацияға, нақты мақсаттарға ұмтылады. Мен жаңа Қазақстанды құра алатынымызға сенімдімін. 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Президент: «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын», – деді. Сондықтан біздің жарқын болашағымыз бүгіннен басталады. Жаңа Қазақстан – бұл біз!» - деп атап өтті.


Әнші Бағлан Әбдірайымов прогрессивтілікті, өзін мен әлемді өзгертуге дайындықты сөзбен емес, іспен дәлелдеуге шақырды.



«Жастар өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, оны игі істерге жұмсаулары тиіс. Ел мен ұлттың болашағы жастарға тікелей байланысты. Бізге білімді және қазақстандықтардың патриот  ұрпағы, жаңа Қазақстанның даму драйвері болу қажет. Өз сөздерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың қозғаушы күш екенін, зор әлеуетін атап өтті. Біз бұл  межені көтеруіміз керек!» – деді танымал орындаушы.




Еске салсақ, 16 наурызда қоғам және бизнес өкілдері «Жаңа Қазақстан» қоғамдық жастар қозғалысын құру туралы жариялады. Бұл ұйым, қозғалыс бастамашыларының айтуынша, тек Алматыда ғана емес, өңірлердегі ЖОО студенттерімен жұмыс істейтін болады. Осы  қозғалыстың құрметіне орай оңтүстік астананың жастарын біріктірген «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестивалі өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);