AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша екпе с...

14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша екпе салынады

Медицина Бүгін 10:39 42 yakiya
14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша екпе салынады

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2026 жылғы 13 мамырда "ҚР 14–17 жас аралығындағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қосымша вакцинация жүргізу туралы" қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға ата-анасының немесе заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі негізінде ерікті түрде қосымша вакцинация ұйымдастырылады.

Сондай-ақ профилактикалық екпелерді жүргізу алгоритмі бекітілді.

14–17 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы төрт валентті Гардасил вакцинасы (6, 11, 16 және 18 типтеріне қарсы) үш кезеңмен егіледі:

  • бірінші доза – кез келген таңдалған күні;

  • екінші доза – алғашқы дозадан кейін 2 ай өткен соң;

  • үшінші доза – алғашқы дозадан кейін 6 ай өткен соң.

Вакцинация білім беру ұйымдарының медициналық кабинеттерінде және медициналық ұйымдардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Екпе қолда бар вакцина көлеміне қарай, 11–13 жастағы қыздарды жоспарлы және толықтыру вакцинациясына арналған қорды ескере отырып салынады.

Жүргізілген барлық профилактикалық екпелер белгіленген есепке алу құжаттарында, медициналық ақпараттық жүйелерде және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тіркеу базасында вакцина салынған күні, екпе түрі, препарат өндірушісі және вакцинаға реакциясы көрсетіліп тіркеледі.

Егу кабинеттерінде иммундау ұйымдастырылған кезде келесі талаптар сақталады:

  • уақыт аралықтары мен физикалық қашықтықты сақтау;

  • вакцинацияға бір мезетте 3-тен артық қыз шақырылмайды, егу кабинетінің алдында топтасуға жол берілмейді; бір егу бригадасы бір жұмыс күні ішінде 40-тан артық қызға екпе салмауы ұсынылады;

  • вакцинациядан кейін егілгендер 30 минут бойы медициналық бақылауда болатын, бөлек әрі желдетілетін бөлме бөлінеді;

  • инфекцияның алдын алу және инфекциялық бақылау қағидалары сақталады;

  • психоэмоционалдық қысымды азайту үшін мектеп психологы немесе әлеуметтік педагог тартылады;

  • екпе аш қарынға емес, отырғызылған немесе жатқызылған қалыпта жасалады (вакцинация кезінде құлап қалудың алдын алу үшін).

Иммундау алдында әрбір егілуші адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина туралы алдын ала ақпараттандырылады. Пациентке екпенің мақсаты, ықтимал реакциялар мен асқынулар, сондай-ақ вакцинадан бас тартудың салдары туралы толық әрі объективті мәлімет беріледі және ақпараттық жадынама тапсырылады.

Профилактикалық екпеден кейін алғашқы 30 минутта медициналық бақылау жүргізіледі, әрі қарай вакцинациядан кейінгі алғашқы 3 күн бойы мониторинг жасалып, мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Құжатта ықтимал жанама әсерлер де көрсетілген.

Вакцинадан кейін алғашқы 3 тәулікте:

  • қысқа мерзімді жалпы реакциялар (қалтырау, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, шаршау);

  • жергілікті реакциялар (инъекция орнында ауырсыну, қызару, ісіну) болуы мүмкін.

Сирек жағдайларда жүрек айну, ас қорыту бұзылыстары, тәбеттің төмендеуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, буын және бұлшықет ауырсынуы байқалуы мүмкін.

Сондай-ақ аллергиялық реакциялар, невралгия және неврологиялық бұзылыстардың даму ықтималдығы бар.

Бұл көріністер уақытша сипатқа ие және көп жағдайда 3 күн ішінде өздігінен жоғалады.

Егер екпе орны қызарып, ісініп немесе ауырса, антигистаминдік дәрілер қабылдау ұсынылады. Дене қызуы көтерілген жағдайда қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қолдануға болады.

Қаулы 14 мамырдан бастап күшіне енді.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 мамырдағы жағдай бойынша республикада 11–13 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы 398 мыңнан астам профилактикалық екпе салынған. Оның ішінде 248 мыңы – бірінші дозамен, 150 мыңы – екінші дозамен егілген. Екпеден кейін жағымсыз реакциялар тіркелмеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды

Бүгін 11:35

Қазақстандықтар елдің даму бағытына оң көзқараста

Бүгін 11:33

Алматыда тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін 11:32

Қазақстанда заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі салық міндеттемесін орындаудың жаңа тәртібі қолданысқа енді

Бүгін 11:25

Алматыда 274 мыңнан астам оқушы психодиагностикадан өтті

Бүгін 10:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);