13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы emosurf.com

«Қазгидромет» РМК 13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


«Қазгидромет» таратқан мәліметтерге қарағанда, антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен ҚР шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстік-батыс және орталық аймақтарда тұман түседі. Солтүстікте, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.


Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.


Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі.


Түнде Ақмола облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік жүреді.


Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:44

17:36

16:51

16:43

16:42

16:39

16:37

16:36

16:30

16:10

16:08

15:50

15:26

15:17

15:08

15:01

14:50

14:23

14:22

14:07

12:59

12:30

12:07

11:45

11:25