AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «11 «А» виньеткасы күшті шығыпты»

«11 «А» виньеткасы күшті шығыпты»

Спорт 17.07.2024, 09:02 933
«11 «А» виньеткасы күшті шығыпты»
ҰОК

Әлеуметтік желіде Париж Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының формасы сынға ілікті. 

Оқырман спортшылардың пиджактары мен галстуктері нашар тігілген "мектеп формасына" ұқсас деп жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова олимпиадашылардың киім үлгісін талқылағаннан гөрі, жақсы нәтиже күту керек екенін айтты.

2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызда аяқталады. Спортшыларымыз жарысқа дайындалып жатқанымен, желі қолданушылары Олимпиада құрамаларының формасын сынға алды.

Қазақстан құрамасының киім үлгісі екінші байқаудан кейін ғана мақұлданды. Себебі бірінші байқаудың қорытындысы бойынша комиссияның бірде-бір эскизі ұнамаған көрінеді. Осылайша туризм және спорт министрлігі киімдерді испаниялық Joma компаниясы тігеді деп уәде берді.

Қазақстандықтардың басым бөлігі олимпиадаға қатысатын спортшылар  костюмдерінің соңғы нұсқасын таяуда президенттің қабылдауындағы фотолардан ғана көрді. Осы ретте оқырмандар Олимпиада формасын мектеп формасына балап, талғамсыз әрі нашар тігілген деп пікір жазды.

«Пиджактың жеңі қысқа, белдемшесінде ақ жолақтары бар. Қыры сынған шалбарлар мен тізеге дейін созылған белдемшелер? Мұндай киіммен жасөспірімдер мектеп бітіру альбомына суретке түседі»;

Бұл жерде спортшыларымызды ешкім қорлап тұрған жоқ. Алайда осы форманы шарасыздықтан киетіні өте өкінішті;

Қанша жылдан бері "Қазақтың" еркін, дала халқы екені неге ескерілмейді? Біздің "Nomad" стильді ескеріп, көп идеяларды жүзеге асыруға болатын еді. Желден, күннен, шексіз даладан шабыт алыңыз! Ал моңғолдар үшін өте қуаныштымын. Өз ұлтын халықаралық аренада лайық көрсетіп отыр;

Театр костюмі мен мектеп формасын көбірек еске түсіреді. Мұнысы арзан мультфильмнің кейіпкерлеріне тігілген үлгілер секілді.

Бортсеріктерге ұқсап тұр. Менің ойымша, бұл стюардтарға сай. Жұмыс істеуге ыңғайлы әрі ыстықтамайды. Алайда олимпиада құрамасы үшін тым оғаш көрінеді. Мынау қысқа жеңді киген спортшылар маған балуандар мен зілтеміршілерді елестетеді.

Біздікілер мектепке жиналып жатыр ма?

11 "А" виньеткасы күшті шығыпты», деген пікірлер жазылған.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да отандастарымыздың формасына қатысты пікір білдірді.  

"Менің ойымша, бұл – жақсы форма. Әр елге өз киім формасы ұнайды. Бізге өзіміздікі ұнап тұр. Әріптестер, бұл қарапайым форма. Одан да жақсы нәтиже күтейік", – деді Дүйсенова.

Бұдан бұрын туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Парижде өтетін ойындарда Азия ойындарындағыдай киімнің жыртылмайтынына сендірген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#париж #олимпиада #форма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика