100 полицей колледж ғимаратынан бомба іздеді

100 полицей колледж ғимаратынан бомба іздеді Сурет: Ашық дереккөз

Колледж қызметкерлері мен студенттері эвакуацияланды


21 қараша күні Таразда политехникалық колледждің екі ғимаратына "жарылғыш зат қойылғаны" туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


21 қарашада сағат 13:10-да полицияға Жамбыл политехникалық колледжінің Telegram-дағы ресми парақшасына жасырын хат түседі. Онда Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшелерінің бойында орналасқан колледж ғимараттарында бір сағатта жарылып кететін жарылғыш заттар қойылғаны хабарланды.



«Арнайы іс-шараларға 22 көлік бригадасы, 100 полиция қызметкері, арнайы және жедел қызметтер, сонымен қатар қызметтік иттері бар кинологтар жұмылдырылды», - деді Жамбыл облысы Полиция департаменті.



Колледж қызметкерлері мен студенттері эвакуацияланды.


Қабылданған арнайы іс-шаралар нәтижесінде жарылғыш зат табылмады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:20

11:38

10:11

09:31

17:46

17:03

16:47

16:12

15:15

14:50

14:04

12:11

11:45

11:01

10:03

09:40

09:09

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18