Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 100 жылқыны жоқ қылған жылқышы

100 жылқыны жоқ қылған жылқышы

Заң мен тəртіп 24.07.2024, 19:42 1,676
100 жылқыны жоқ қылған жылқышы
Танакөз Толқынқызы парақшасынан

Бүгін әлеуметтік желілерде ақын Танакөз Толқынқызының жазбасы таралды.

Танакөз Толқынқызының жазуынша, оның әкесінің жылқысын бағып жүрген жылқышысы сатып жіберген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Тура әкемнің 70 жылдық тойын өткізуге 1 күн қалғанда адамды естен тандыратын бір жаңалық естиміз. Сол жоғалған жылқыларымыздың он шақтысы  ауыл адамдарының үйінде жүр екен. Шешем учасковыйды ертіп алып әлгі адамдардың үйіне барса, ол адамдар ол жылқыны біздің жылқышыдан сатып алғанын айтады. Тағы біреуін ауылдың бұрынғы учасковый ментінен сатып алған. Сонда бұл ұйымдасқан қылмыс болып тұр ғой. Бұрынғы мент – бүгінгі ұры болып шыққаны ма? Біз оны жұттан қырылып қалған шығар деп жүрсек! Жылқышы оны шімірікпестен ауыл адамдарына сатқан. Әкем шырылдап, «жылқы жоғалды, әр жоғалған жылқыға 100 мың теңге сүйінші беремін», деп хабарлаған. Сонда ауыл адамдары әкемді шырылдатып қойып, түк білмеген түр жасап, әкемнің жылқыларын қорасында ұстап отырған.100 жылқы бір жылқыны 1 млн теңгеден есептесең 100 млн теңге. Оған Астананың қақ ортасынан 3 не 4 үй сатып алуға болады. Ал ең төменгі бағамен есептесең, 2 үй сатып алуға болды. Әкем өте шыншыл адам. Кісі ақысын жеп көрмеген. Барлық малдары тіркелген, тағбаланған, салығы төленген, заңдастырылған. Сонда ол жылқышы біреудің 100 млн теңгесін сіңіріп аламын деп есептеген бе? 100 жылқының сұрауы болады деп ойламаған ба?» деп жазды Танакөз.

Желідегі жазба бойынша, жылқышы Кәрібаев Берікбол Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылының тұрғыны екен. Іс сотқа берілген. Жылқышы 21 жылы 25 сәуірде 105 бас жылқыны бағуға алған.

Жазбаға комментарий жазған Ұлытау облысының ПД өкілдері «Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде» деп мәлімдепті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Танакөз Толқынқызы #Жаңарқа #Ұлытау ПД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика