Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 10 сотық жерге қанша адам кезекке тұр?

10 сотық жерге қанша адам кезекке тұр?

Әлеумет 04.06.2024, 19:44 1,101
10 сотық жерге қанша адам кезекке тұр?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Қазір жеке тұрғын үй салу үшін тегін 10 сотық жер алуға 3,9 млн қазақстандық кезекте тұр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Өңірлер арасында алғашқы үштікке Алматы облысы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы кіреді. Тегін жер алу туралы мәліметті толығырақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынып отыр. 

Мемлекеттік корпорацияның мәліметіне сәйкес, өткен жылы тегін 10 сотық жерді 8 805 отандасымыз алған, ал биыл 24 116 жер учаскесі беріледі. Былтыр елорда және Шымкент қаласында жер учаскелері берілмеген.

Кезекке egov.kz арқылы «Жылжымайтын мүлік» одан әрі «жер қатынастары» бөліміне кіріп онлайн сұрау батырмасын басып өтініш беруге болады. Өтініш берген кезде «кезекке қою» дегенді, содан кейін өңірді таңдап, ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Айта кетейік, әрбір кәмелетке толған қазақстандық өзінің меншігінде басқа жер учаскелері, пәтерлері немесе үйлері бар-жоғына қарамастан 10 сотық тегін жерге өтінім бере алады.

Жерге кезектің қалай жылжып жатқандығын электрондық үкімет порталында «жеке тұрғын үй құрылысына (10 сотық) жер учаскесін алу үшін қарау немесе кезекке қою» қызметін таңдау арқылы біле аласыз, ол үшін ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.

Сондай-ақ кезекті қарау жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының көпшілік кадастрлық картасында қолжетімді. Ол үшін ЭЦҚ немесе толық аты-жөнін көрсету қажет, бірақ ЖСН арқылы кезекті тексеру мүмкін емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #10 сотық #кезек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика