AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 10 мыңнан астам мүгедектігі бар адам санаторлық-ку...

10 мыңнан астам мүгедектігі бар адам санаторлық-курорттық емделуден өтті

Әлеумет 27.05.2022, 04:23 1,417
10 мыңнан астам мүгедектігі бар адам санаторлық-курорттық емделуден өтті
Сурет: Sernovodsksmv.ru

Өтінімдер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы рәсімделеді.


Биыл 10 061 мүгедектігі бар адам, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар санаторлық-курорттық емделуден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мүгедектігі бар адамдар негізгі аурулардың профилактикасы мақсатында, медициналық көрсетілімдерді ескере отырып, оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде жыл сайын санаторлық-курорттық емделуден өтеді. 



«Өткен жылдан бастап санаторлық-курорттық емделуге өтінімдер әлеуметтік қызметтер порталы (http://aleumet.egov.kz) арқылы рәсімделеді. Енді мүгедектігі бар адамдар жеке қажеттіліктерді, жағдайларды, қолжетімділікті, сауықтыру рәсімдерінің көлемдерін және т. б. ескере отырып, Порталда тіркелген, олар үшін ыңғайлы кез келген санаторийді өз бетінше таңдау мүмкіндігіне ие болады»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бүгінгі күні өңірлердің комиссиялары порталға 93 санаторлық-курорттық ұйымды жіберді. Олардың қатарында «Щучинский» шипажайы» АҚ (Ақмола облысы), «Жетісу» шипажайы» ЖШС (Түркістан облысы), «Минералды су» шипажайы» ЖШС (Шымкент қаласы), З. Б. Бейсеков атындағы «Қазақ соқырлар қоғамының «Спутник» демалыс үйі» ЖШС (Алматы облысы), «Сосновый бор» шипажайы» ЖШС (Қостанай облысы), «Солнечный» балалар санаторийі» мемлекеттік емес медициналық мекемесі (СҚО) және басқалары бар.


ҚР Парламенті Сенаты бастамашылық еткен мүгедектігі бар адамды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасы аясында мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының ұсыныстарын ескере отырып, мүгедектігі бар бала санаторий-курорттық емделуден өткен кезде оған ілесіп жүруге арналған шығыстарды өтеу көзделген.


Бұл түзетулер санаторлық-курорттық емдеумен барынша көп баланы қамтуға мүмкіндік береді. Заң жобасын Мәжіліс екі оқылымда мақұлдады және ҚР Парламенті Сенатына қарауға жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ем #санаторий #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09

Алматы жаңа автобус бағыты мен LRT ашып, «ақылды» бағдаршам қойғалы жатыр

Бүгін 12:04

Жасанды интеллект мүмкіндік пе, қауіп пе?..

Бүгін 12:02

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);