Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Әлеумет 29.12.2025, 09:50 322
1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылы елімізде зейнетақылар мен жәрдемақылар қанша пайызға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк айқындайтын болжамды инфляция деңгейіне сай мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі, базалық және ынтымақты зейнетақылар 10%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл бойы ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ына дейін кезең-кезеңімен жыл сайын арттыру жүзеге асырылып келеді.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы) құрайды. Ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін өсіп, 60 005 теңгеге жетеді.

Мәселен, 2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы зейнеткерге 2025 жылы бюджеттен төленген зейнетақы мөлшері 171 588 теңге болды, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап болатын өсімді ескергенде, бұл зейнеткердің жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 60 005 теңге, ынтымақты зейнетақы – 132 811 теңге болады. Айта кету керек, көрсетілген сомаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдер кірмейді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуіне қатысты бірнеше мысал:

1, 2, 3-бала дүниеге келгенде төленетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, ал 4 және одан да көп бала туған жағдайда – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды.
Балалар санына байланысты белгіленетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өседі.
I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топ үшін – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топ үшін – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін арттырылады.
Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер де 10%-ға көбейтіледі. Бұл төлемдер мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақыларға қосымша түрде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төленеді.

Төлемдердің мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі және соңғы екі жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БЖЗҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.