Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің...

1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің ЖМЗЖ қалай аударады

Әлеумет 05.12.2023, 13:43 1,194
1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер қызметкерлердің ЖМЗЖ қалай аударады
Сурет: ашық дереккөз
БЖЗҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты –жинақтаушы құрамдауыш – жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылатынын еске салды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



ЖМЗЖ агенттің, өзге де ақылы жұмысы бар адамдардың өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған жұмыскерлер үшін ғана аударылады.



ЖМЗЖ шамасы ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан белгіленеді:



  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде;

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде;

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде;

  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде;

  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.


Бұл ретте қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.


ЖМЗЖ-ны ҚР Әлеуметтік кодексінің 251-бабында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:



  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7 пайыз;

  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайыз;

  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайыз;

  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайыз;

  • 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайыз болмақ.


Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.


Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда  шоттары жоқ, ЖК, ДК-мен айналысатын тұлғалар, ЖМЗЖ-ны кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Ұсталған  ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады.  


Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #жұмыс #есеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі