конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / 1 ғана әйел, ал ең жасы 37-де: ең ықпалды 50 кәсіп...

1 ғана әйел, ал ең жасы 37-де: ең ықпалды 50 кәсіпкердің рейтингі жарияланды

Мұны білген жөн 08.10.2025, 16:37 660
1 ғана әйел, ал ең жасы 37-де: ең ықпалды 50 кәсіпкердің рейтингі жарияланды
Aqshamnews.kz коллажы

Forbes Kazakhstan биыл елдің ең ықпалды 50 бизнесмені рейтингін жариялады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Тек экономика саласындағы кәсіпкерлер емес

2025 жылы Forbes редакциясы жаңа үрдісті атап өтті. Енді тізімге тек қаржы мен инвестиция саласында емес, мәдениет, спорт және әлеуметтік жобаларда да өз ықпалын күшейтіп келеді.

  • Нұрлан Смағұлов – Қазақстандағы алғашқы заманауи өнер музейін, Almaty Museum of Arts ашты.

  • Қайрат Боранбаев рейтингке қайта оралып, "Целинный" заманауи мәдениет орталығын таныстырды. Оның "Қайрат" футбол клубы алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, бұл оқиғаны сарапшылар қазақстандық футболдағы жаңа кезең деп бағалады.

  • Айдын Рахимбаев негізін қалаған "Аналар үйі" қоры мен IQanat білім беру жобасы Гарвард бизнес мектебінің оқу бағдарламасына енгізілді. Ол Арсен Томскиймен бірге жаңа халықаралық бастамаларды қолға алып жатыр.

  • Сайдулла Қожабаев (оның негізін қалаған Alageum Group компаниясын бүгінде ұлы Еркебұлан Ильясов басқарады, биыл ол Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті болып сайланды), сондай-ақ Қанат Көпбаев пен Марат Жұман жеке инвестицияларын ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағыттап отыр. Бұрын бұл сала мемлекет қамқорлығында ғана болатын.

Жаңа есім және өзгерістер

2025 жылғы рейтинг құрамы негізінен тұрақты қалды, бірақ орын ауыстырулар көп болды.
Биылғы жаңа есім – Айғазы Құсайынов, International Educational Corporation Ltd. иесі. Оның басқаруында  Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА), Қазақ-американ университеті, KazGASA College, Digital College, KazGASA School, KAU School, және жақында ашылғалы жатқан Charterhouse Almaty мектебі бар.

Толық тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #рейтинг #ықпал #Forbes #Forbes Kazakhstan
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Кеше 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Кеше 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Кеше 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Кеше 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Кеше 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);