Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Тұлғасыз тарих жасалмайды. Кәкімбек Салықовқа арна...

Тұлғасыз тарих жасалмайды. Кәкімбек Салықовқа арналған тағылымды кеш өтті

Барлығы 15.12.2025, 16:16 331
Тұлғасыз тарих жасалмайды. Кәкімбек Салықовқа арналған тағылымды кеш өтті
сурет: ұйымдастырушылардан

Оқушылар сарайының үлкен концерт залында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың өмірі мен қызметіне арналған тағылымды кеш өтті. Жиынды Медеу ауданының әкімдігі, «AMANAT» партиясы, бірқатар мүдделі ұйымдар мен «Жас ұрпақ» ақпараттық-ағартушылық, патриоттық орталығы ұйымдастырды.

«Жас ұрпақ» ақпараттық-білім беру патриоттық орталығы ұйымдастырып отырған жиынға белгілі ғалым-әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы әкім аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов, Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының ректоры, профессор, «Мәслихат және әкімдік» журналының бас редакторы Әбкен Тоқтыбеков, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Айтқұлұлы, Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Алмас Тілеубаев, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Телепов  қатысты.   

 

Басқосуды «Жас ұрпақ» орталығының төрағасы Бахтияр Камалұлы ашып, жүргізіп отырды.

Жалпы, аталмыш басқосу осымен бесінші мәрте өтіп отыр. Бұл отырыстың басты мақсаты – оқушы жастарды көрнекті тұлғаларды тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесімен таныстырып, жас ұрпақтың бойында патриотизм сезімін, азаматтық жауапкершілікті және еліміздің тарихи мұрасына деген құрметті қалыптастыру.

«Жас ұрпақ» ақпараттық-ағартушылық, патриоттық орталығы мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің өмір жолы мен қоғамдық қызметін насихаттау, сондай-ақ оқушы жастар арасында орнықты рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады. Бұл ретте Бахтияр Камалов былай дейді:

"Біздің патриоттық орталығымыздың басты мақсаты – еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың өмір жолымен, еңбегімен, мемлекетке сіңірген қызметімен жастарды таныстыру. Өйткені бәріміз жақсы білеміз,  тұлғасыз тарих жасалмайды. Тарихты тұлға арқылы танимыз. Сондықтан біз жас ұрпақты мемлекет және қоғам қайраткерлерінің өмірбаянымен, елге деген адалдығымен, еңбектегі табыстарымен тереңірек таныстыруды көздеп отырмыз. «AMANAT» партиясымен бірлесе отырып, біз жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында жүйелі оқыту жұмыстарын жалғастыратын боламыз", дейді ол. 

Осыдан кейін жиналғандар Кәкімбек Салықұлы туралы деректі фильмді тамашалады.

«Жас ұрпақ» орталығы  халқымыздың біртуар тұлғалары Бауыржан Момышұлы, Әлихан Бөкейхан, сондай-ақ басқа да ұлы қайраткерлердің өмір жолымен таныстыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәкімбек Салықов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары «Мен референдумға барамын» онлайн челленджін белсенді қолдады

Бүгін 09:15

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашылды

Бүгін 08:57

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай референдумда дауыс берді

Бүгін 08:56

"Күміс алқа" иегері Ольга Красноярова отбасымен бірге референдумда дауыс берді

Бүгін 08:51

DamuBala орталықтарының қызметкерлері референдумға қатысты

Бүгін 08:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика