AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Ә...

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашылды

Референдум 15.03.2026, 08:57 231 Сұлу
Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде «Әжелер хоры» ән айтып, шашу шашылды
Видео кадры

Бүгін таңертең алматылықтар қаланың Қазақстанның мәдени астанасы екендігін тағы бір мәрте көрсетті. Референдум күні Наурызбай ауданына қарасты Шұғыла шағынауданындағы №562 сайлау учаскесінде тұрғындарды ерекше әрі жылы атмосфера қарсы алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

№200 мектеп ғимаратында орналасқан учаскеде сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киім киген «Әжелер хоры» қарсы алды. Әнші әжелер алғашқы минуттан-ақ мерекелік көңіл күй сыйлап, халық әндерін орындады. Сонымен қатар келген тұрғындарды қуаныш пен берекенің, ақ тілектің белгісі саналатын дәстүрлі шашу рәсімімен қарсы алды.

Шашылған тәтті-дәмдер мен жиналған жұрттың шат күлкісі айналаны ерекше мерекелік көңіл күйге бөледі. Шағынаудан тұрғындарының көпшілігі дауыс беру күнінің осындай жылы әрі әсерлі басталарын күтпегенін айтты. Көпшілік хор мүшелерімен бірге суретке түсіп, мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін алғыс білдірді. Олардың айтуынша, мұндай бастамалар маңызды қоғамдық шараларды халыққа жақындатып, шынайы мерекелік атмосфера қалыптастырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының бай дәстүрлерін насихаттау. Осындай маңызды мемлекеттік оқиға – референдум күні алматылықтар ұлттық құндылықтарды қадірлей отырып, қонақжайлық дәстүрін де айқын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);