AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай...

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай референдумда дауыс берді

Референдум 15.03.2026, 08:56 278 Сұлу
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай референдумда дауыс берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда өтіп жатқан республикалық референдум аясында қала тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасап жатыр. Солардың қатарында танымал спортшы, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар.

Белгілі қазақстандық боксшы Алматыдағы Алматылық автомобиль және сән индустриясы колледжінде орналасқан №168 сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді. Спортшының айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанда халықтың белсенді болуы мемлекет дамуы үшін маңызды.

«Бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдау жасадым. Осындай маңызды саяси науқандарға қатысу — әр азаматтың ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді деп ойлаймын. Әрқайсымыз мемлекетіміздің дамуына қатысты бастамаларға пікірімізді білдіріп, белсенді болуымыз қажет», — деді Назым Қызайбай.

Спортшының айтуынша, халықаралық аренада ел намысын қорғаумен қатар, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға азаматтық үн қосу да үлкен жауапкершілік.

«Біз спортшылар халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғап, көк туымызды биікте желбіретуге тырысамыз. Ал ел ішінде өтетін осындай маңызды күндері азаматтық позициямызды білдіріп, таңдау жасау да маңызды деп есептеймін. Сондықтан бүгін дауыс беру мен үшін үлкен жауапкершілік», — деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Назым Қызайбай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық оқушылар суға батқан адамды құтқарудың жолын үйренді

Бүгін 14:42

Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айналған чемпиондар бас қосты

Бүгін 14:25

Алматыдағы 190 діни бірлестік қоғамдық жұмыстан қалмайды

Бүгін 13:01

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Бүгін 12:53

Алматылық дәрігерлер ұйқы безінің ауыр асқынуы бар әйелдің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика