AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ресми түсініктеме: жаңа Конституцияда шетелдіктерг...

Ресми түсініктеме: жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға тыйым жойылмаған

Заң мен тəртіп 31.01.2026, 17:59 299
Ресми түсініктеме: жаңа Конституцияда шетелдіктерге жер сатуға тыйым жойылмаған
agroinfo.kz

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында шетелдіктерге жер сатуға тыйым алынып тасталды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталған мәліметтің жалған екенін мәлімдеп, бұл дерек фактілерді әдейі бұрмалау арқылы таратылып жатқанын атап өтті.

Орталықтың түсіндіруінше, қолданыстағы Конституцияның 6-бабының 3-тармағындағы жер және табиғи ресурстарға қатысты норма жаңа Конституция жобасында да еш өзгеріссіз сақталған. Аталған талаптардың өзгермейтіні Конституциялық реформа жөніндегі комиссия тарапынан да расталған.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында мемлекеттің егемендігі, унитарлығы мен аумақтық тұтастығы конституциялық құрылыстың негіздері ретінде бастапқы тарауларда нақты бекітілген. Атап айтқанда, 2026 жылғы 30 қаңтардағы жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, ал мемлекеттің басқару үлгісі мен тұтастығы өзгермейді.

Осыған байланысты орталық шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу күшін жойды деген мәлімдемелердің құқықтық негізі жоқ екенін атап өтті. Ведомство азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге және манипуляциялық мәліметтерді таратпауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция #Жер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55

ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде

Бүгін 17:53

Қазақстанда ЖИ-контент заңмен реттеледі: алғашқы жауапкершілік ісі тіркелді

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика