конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдер...

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Алматы құшағында 18.03.2026, 18:04 449
Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2026 жылы 18 наурызда Алматыда Ұлттық киім күніне орай Alatau Creative Hub орталығында «Этно-Fashion» ұлттық киімдер флешмобы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар, №20 кітапхананың ұйымдастыруымен Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ұлттық сезім» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралардың мақсаты – қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи және мәдени маңызын насихаттау, этно-fashion бағытын дамыту, сондай-ақ дәстүрлі мұраны заманауи сән индустриясымен үйлестіру.

Іс-шараларға дизайнерлер, қоғам белсенділері және сәнге қызығатын студенттер қатысып, ұлттық мұраға деген қызығушылықтарын танытты.

Іс-шара барысында көрермендерге ұлттық киімнің мерекелік киім ғана емес, күнделікті өмірге де лайық стиль екені көрсетіліп, оның ерекшеліктері, мағынасы мен тарихы таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылардың танымдық деңгейін арттыру мақсатында арнайы бейне-викторина ұйымдастырылды.

Сән көрсетілімінде Qazaq-Oner ұлттық қауымдастығының президенті Айгүл Жансерікованың «Aigul Line» топтамасы, «Alatau» орталығының «Юная модель» үйірмесінің «Алаша» топтамасы, сондай-ақ Adel Model Academy және Icon Modeling агенттіктерінің модельдері өнер көрсетті.

Ал «Ұлттық сезім» іс-шарасында тігінші-дизайнер, «Ару-Ай» брендінің негізін қалаушы, «Алтын алқа» иегері Сандуғаш Мырзабекқызы ұлттық киімнің мәні мен оның қазіргі сәндегі орны туралы ой бөлісті.

Жиын соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар сыйға тартылды.

Аталған іс-шаралар төл мәдениетімізді дәріптеп, ұлттық нақышты заманауи стильмен үйлестіруге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ұлттық киім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қытай Халық Республикасы делегациясымен әлеуметтік саясат және отбасын қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті

Бүгін 19:38

Алматыда жаңа заманауи онкологиялық орталық салынады

Бүгін 18:03

Алма Аманжолова алматылықтарды Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 17:23

Алматылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына жолдама алды

Бүгін 17:14

Құрылтай-2026: кәсіпорындар сайлауалды бәсекенің жаңа алаңына айналды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);