AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақст...

ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде

Заң мен тəртіп Бүгін 17:53 38
ЖИ‑контент әлемде құқықтық реттеуге көшті: Қазақстанда да жауапкершілік енгізілуде
Сурет: dig.watch

2026 жылы генеративті контент технологиялық эксперименттер санатынан біржола шығып, құқықтық реттеу нысанына айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Егер бұрын нейрожелі көмегімен жасалған кескіндер мен бейнелер зиянсыз цифрлық құрал ретінде қабылданса, бүгінде олар ақпараттық қауіп-қатер факторы ретінде қарастырылады. Мемлекеттер жекелеген ескертулер беруден мұндай контентті жасау мен таратудың нақты ережелерін бекітуге көшуде. Әлем елдері таңбаланбаған немесе адастырушы ЖИ-контентке мүлдем төзбеушілік танытуда:

Үндістан: Премьер-министр Модидің дипфейгін жасағаны үшін қамауға алу.

АҚШ: «Синтетикалық адамды» таңбалаусыз пайдаланғаны үшін жарнама агенттігіне $5,000 айыппұл салынды.

Түркия: Министрдің жалған мәлімдемесі бар ЖИ-бейне үшін порталға жылдық айналымның 5% мөлшерінде айыппұл салынды.

Оңтүстік Корея: ЖИ-сұхбатты белгілемегені үшін медиа компанияға 30 млн вон ($22,000) айыппұл салынды.

Қытай: Жүргізушілер арасында дүрбелең тудырған «жолдың опырылуы» туралы ЖИ-суреттер үшін блогердің ұсталуы.

Германия: Сот шешімі: сатиралық сипат ЖИ-туындыларды таңбалау міндетінен босатпайды.

БАӘ: Қоғамды адастыруға және ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған ЖИ бейнелерін таратқаны үшін ұстау шаралары жүргізілді.

Ұлыбритания: Келісімсіз дипфейк жасауға тыйым салатын жаңа заң бойынша алғашқы талап-арыздар (2026 жылғы ақпан).

Пәкістан: Әскерилердің атынан жасалған «үкіметті сынау» ЖИ-аудиожазбасы үшін кибертерроризм бабымен қозғалған іс.

Канада: Митингілерге себеп болған «ғимараттың құлауы» ЖИ- рендері үшін айыппұл салынды.

Франция: «Версальдағы тәртіпсіздіктердің» ЖИ-фотосуреттерін жасап, таратқаны үшін интернет-ресурс бұғатталды.

Италия: «Болмыста жоқ ескерткіштердің» ЖИ-кескіндерін пайдаланған туристік агенттікке қарсы талап-арыз. Жапония: Марқұм актердің ЖИ-көшірмесін барлық мұрагерлердің келісімінсіз пайдалану бойынша сот талқылауы.

Сингапур: «Шығанақтың ластануы» туралы ЖИ-кескіндер үшін жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл заңнамасы шеңберіндегі нұсқама.

Австралия: Профессордың ЖИ-клонын оның келісімінсіз пайдаланған онлайн-курс ұйымдастырушыларына айыппұл салынды. Аргентина: Полицияға қарсы зорлық-зомбылыққа шақырған дипфейк жасағаны үшін ұстау.

Эстония: Мемлекеттік органдардың жауап беру стилін имитациялаған бот иесіне ресми ескерту жасалды. Қазақстанда да ЖИ саласы енді «реттелмейтін аймақ» емес. Керісінше, оны қолдану салдары, ең алдымен, аудиторияны адастыру қаупі тұрғысынан қарастырылады. 2026 жылдың 17 наурызында Семей қаласының тұрғыны нейрожелі жасаған фотосуретті таратқаны үшін жауапқа тартылды. Генерацияланған кескін төтенше жағдай туралы шынайы хабарлама ретінде ұсынылып, әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырған. Нәтижесінде - ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы (жалған ақпарат тарату) бойынша хаттама толтырылды.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы медиа өкілдері мен цифрлық контент жасаушыларға заңнама талаптарын қатаң сақтауды, соның ішінде ЖИ-контентті міндетті түрде таңбалауды және жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді ескертеді. Азаматтарға таратылатын материалдарға сын көзбен қарап, дереккөздерін тексеріп, олардың дұрыстығына көз жеткізбей, әрі қарай таратпауға кеңес беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дипфейк #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Бүгін 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Бүгін 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Бүгін 17:55

Қазақстанда ЖИ-контент заңмен реттеледі: алғашқы жауапкершілік ісі тіркелді

Бүгін 17:47

Жолдарда су тасқынына дайындық жүргізіліп жатыр

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика