AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда банктер халыққа несие беруді қысқартты

Қазақстанда банктер халыққа несие беруді қысқартты

Әлеумет 23.01.2026, 17:32 304
Қазақстанда банктер халыққа несие беруді қысқартты
Сурет: Qazaqstan.tv

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк жыл сайын елдегі несие белсенділігіне талдау жүргізеді. Тиісті шолу 27 қаңтарда жарияланады.

Экономикаға, яғни бизнеске берілетін несиелер көлемі, керісінше, айтарлықтай өскен.

"11 айдың қорытындысы бойынша бизнеске берілген несиелер 21,5 пайызға артты", – деді Тимур Сүлейменов.

Ал кепілсіз тұтынушылық несиелеу қарқыны баяулаған.

"Халықтың шамадан тыс қарыздануы инфляция мен сыртқы тәуелділікке әсер етеді, себебі мұндай несиелер көбіне импорттық тауарларға жұмсалады. Бұл бағытта өсім айтарлықтай төмендеді. 11 айдың нәтижесінде кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсуі 7,3 пайызды құрады. Жыл қорытындысында бұл көрсеткіш одан да төмен болады. Осылайша, бизнеске несие беру мен халықты несиелеу арасындағы тепе-теңдік біртіндеп қалпына келіп келеді", – деп түйіндеді Ұлттық банк төрағасы.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде, ±1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25

Қостанай облысының 4365 педагогі кітап оқу марафонында 15 кітаптан оқыды

Кеше 18:14

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімдері өтті

Кеше 18:04

Қаламгер рухына құрмет

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика