AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Полицей қызметкерін "қоқыс" деп балағаттаған жасөп...

Полицей қызметкерін "қоқыс" деп балағаттаған жасөпірімге сот үкімі шықты

Оқиға 05.12.2025, 17:55 364
Полицей қызметкерін "қоқыс" деп балағаттаған жасөпірімге сот үкімі шықты
сурет: freepik.com

Маңғыстау облысында полицейлерді «қоқыс» деп балағаттап, видеоны TikTok-та жариялаған жасөспірімге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға кәмелетке толмаған жасөспірім нөмірсіз мотоцикл айдап жүрген кезде болған. Полицейлер оны тоқтатқан сәтте жасөспірім құқық қорғау қызметкерлерін балағаттап, бәрін телефонына түсіріп, кейін әлеуметтік желіге жүктеген.

Мемлекеттік айыптаушы жасөспірімді 30 сағат қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады. Жәбірленуші-полицей бұл талапты қолдады. Сотта жасөспірім кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады, ал қорғаушысы жазаға жеңілдету сұраған.

Сот оның кінәсі:

  • видеожазба,

  • өзінің мойындауы,

  • жәбірленушінің арызы,

  • психологиялық-филологиялық және психиатриялық сараптама қорытындылары арқылы дәлелденгенін атап өтті.

Жасөспірімнің кәмелетке толмағаны, бұрын сотталмағаны және өкініш білдіруі жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді, ал ауырлататын факторлар анықталмады.

Нәтижесінде ол ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігі («Билік өкілін қорлау») бойынша кінәлі деп танылып, 30 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #полицей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика