AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды

Әлем 16.01.2026, 16:10 319
Оңтүстік Кореяның экс-президенті 5 жылға сотталды
Юн Сок Ёль. Сурет Getty Images

Сеул соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге 2024 жылы елде әскери жағдай енгізуге ұмтылғаны және құқық қорғау органдарының оны қамауға алу әрекетіне кедергі келтіргені үшін 5 жыл түрме жазасын кесті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Yonhap агенттігінің дерегінше, сот оны іс бойынша тағылған негізгі айыптар бойынша кінәлі деп таныған. Ал экс-президенттің қорғаушылары үкімге апелляция беретінін айтты.

Бұдан бөлек, әскери жағдай жариялау арқылы «бүлік ұйымдастырды» деген айыппен жеке іс қаралып жатыр. Осы аптада арнайы прокурорлар бұл іс аясында өлім жазасын сұраған. Сот шешімі 19 ақпанда шығарылады деп күтіледі.

Жалпы алғанда, Юн Сок Ёль сегіз іс бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. Олардың қатарында әскери жағдай енгізуге талпыныс, жұбайына қатысты ықтимал сыбайлас жемқорлық күдігі және 2023 жылы теңіз жаяу әскерінің қаза табуына байланысты айыптар бар.

Еске салайық, Юн Сок Ёль 2024 жылғы желтоқсанда әскери төтенше жағдай енгізбек болды деген айыппен импичментке ұшыраған. Конституциялық сот бұл шешімді 2025 жылғы 4 сәуірде ресми түрде бекітті. 2025 жылдың қаңтарында ол қызметте жүрген кезінде қамауға алынып, наурызда бостандыққа шыққан. Алайда тергеуге ықпал ету қаупі бар деген уәжбен кейіннен екінші мәрте қайта қамауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оңтүстік Корея #президент #сотталу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогер Тао Тао келді

Бүгін 10:48

Алматыда кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігі бойынша оқыту семинары өтті

Бүгін 10:32

Қостанай облысында балық аулауға шыққандар мұз астына түсіп кетті

Бүгін 10:30

Алматыда оқушыларға терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Бүгін 10:23

№175 гимназияда жоғары сынып оқушыларына терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өтті

Бүгін 10:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика