AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігі бойы...

Алматыда кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігі бойынша оқыту семинары өтті

Заң мен тəртіп 19.03.2026, 10:32 259 dulatbekova
Алматыда кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігі бойынша оқыту семинары өтті
Сурет: GOV.kz

Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаменті жанындағы терроризмге қарсы орталықтың бастамасымен кәсіпкерлік басқармасы және бизнес-құрылым өкілдерінің қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Іс-шара коммерциялық және әлеуметтік маңызы бар нысандарда антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналды.

Мамандардың айтуынша, бизнес нысандары халық көп шоғырланатын, ашық режимде жұмыс істейтін орындар болғандықтан, жоғары тәуекел тобына жатады. Сауда және қойма үй-жайларының болуы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды қажет етеді. Осыған байланысты қатысушыларға терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары және нысандардағы қауіпсіздікті ұйымдастырудағы басшылықтың жауапкершілігі түсіндірілді.

Семинар барысында кәсіпкерлік нысандардың антитеррористік қорғалуына қатысты нормалар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, өткізу режимін ұйымдастыру, инженерлік-техникалық жабдықтау, бейнебақылау жүйелерінің жұмысы, кіруді бақылау және күзет құрылымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Бұл талаптарды орындау тек формальды міндет емес, қызметкерлердің, келушілердің және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты екені атап өтілді.

Кездесу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық қырлары да қозғалды. Қатысушылар ішкі бақылауды ұйымдастыру, персоналды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге үйрету, эвакуация және әрекет ету жоспарларын жетілдіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кәсіпкерлер өзара тәжірибе алмасып, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу және қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай жиындарды тоқсан сайын ұйымдастыру қауіпсіздік деңгейін дер кезінде бағалауға және жаңа қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік нысандарының антитеррористік тұрақтылығын арттыру – үздіксіз жүргізілетін процесс екенін атап өтіп, бұл бағытта барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы, тәуекелдерді дұрыс басқару және бизнес өкілдерінің белсенді ұстанымы маңызды екенін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #терроризмге қарсы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);