Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Медиабизнесті тұрақтандырудың жаңа моделі: жазылым...

Медиабизнесті тұрақтандырудың жаңа моделі: жазылым, донат, жарнама және гранттар – сала өкілдері кіріс көзін әртараптандырудың маңызын айтты

Барлығы 18.11.2025, 15:58 471
Медиабизнесті тұрақтандырудың жаңа моделі: жазылым, донат, жарнама және гранттар – сала өкілдері кіріс көзін әртараптандырудың маңызын айтты
Aqshamnews.kz

Ақпараттық дәуірде медианың қаржылық тұрақтылығы ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Өзбекстандық «Халық сөзі» газетінің сарапшысы Нұрлан Усмановтың айтуынша, бүгінгі медианарықта бір ғана табыс көзіне сүйену – тәуекел, ал кірісті әртараптандыру – бұл медианың экономикалық қауіпсіздігі. Спикер бұл туралы Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында айтты.

Спикердің сөзінше, соңғы 10 жылда медиа саласы күрт өзгеріп, дәстүрлі табыс модельдері жеткіліксіз бола бастаған. Осыған байланысты жаңаша тәсілдер жазылым жүйесі, донаттар, жарнама және гранттық жобалар басылымның тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі төрт бағыт ретінде аталды. Спикер Өзбекстан медиасы мысалында жазылым моделінің трансформациясын атап өтті.

«Халқ сузи» мен «Народное слово» газеттері жаңа бизнес модельдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Бірақ ресми басылым болғандықтан, жазылым әлі де қағаз нұсқа арқылы жүзеге асып отыр», – деді Нұрлан Усманов.

Болашақта сайт, мобильді қосымша және Telegram-арна арқылы онлайн жазылымды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл шешім оқырман санын арттырып қана қоймай, редакцияға тұрақты табыс әкелмек. Сарапшының айтуынша, медианың тек жарнамаға тәуелді болуы  ұзақ мерзімді стратегия емес.

«Оқырман қолдауы мәдениетін қалыптастыру редакция мен аудитория арасындағы сенімді күшейтеді. Біздің редакциялар бизнес құрылымдармен және ҮЕҰ-лармен бірлескен жобаларды жүзеге асырып жүр. Бұл тек табыс әкеліп қоймай, журналистиканың қоғамдық рөлін күшейтеді», – деді ол.

Көптеген медиалар сайт пен әлеуметтік желіде «Газетке үлес қос» сияқты арнайы бөлімдер орналастыру арқылы оқырманнан шағын, бірақ тұрақты қолдау алып отыр. Алайда, екі өзбекстандық редакцияда мұндай тәжірибе әлі енгізілмеген.

Өзбекстанда жарнама нарығы қалыптасу үстінде. Соған қарамастан, брендтік контент, әлеуметтік серіктестік жобалары және тақырыптық қосымшалар сияқты жаңа форматтарға сұраныс өсіп келеді.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түркітілдес журналистер медиа форумы #медиа #бизнес #Медиа форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

14 наурызда Көктөбеде Көрісу күніне арналған мерекелік концерт өтеді

Бүгін 10:08

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

Бүгін 09:52

СІМ Польшада қаза тапқан қазақстандыққа қатысты мәлімдеме жасады

Бүгін 09:34

Алматы қаласының белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 09:20

Алматылық онколог сүт безі қатерлі ісігінің алғашқы белгілері туралы айтты

Бүгін 09:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика