AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы "Мамыр-4" шағынауданында инженерлік жел...

Алматыдағы "Мамыр-4" шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталды

Барлығы 29.11.2025, 14:39 333
Алматыдағы "Мамыр-4" шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталды
Алматы әкімдігі

Алматының Әуезов ауданындағы "Мамыр-4" шағынауданында су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Жобаны жүзеге асырған мердігер ұйым Абай даңғылы, Б. Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелері арасындағы аумақта инженерлік коммуникация жүргізу жұмыстарын тәмамдап, жол төсемін толық қалпына келтірді.
 
Құрылыс жұмыстары аясында 6,5 шақырым су құбыры және 5,8 шақырым кәріз желісі салынып, барлық жұмыс қазіргі заман талаптарына сай орындалды. Инженерлік желілердің жобаланып, монтаждалуынан кейін шағынаудандағы жол төсемі толықтай жаңартылды.

2025 жылы Әуезов ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Ауданда су және кәріз жүйелерін жақсартуға бағытталған төрт ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Соның ішінде ең ауқымды жобалардың бірі Саин – Яссауи – Шаляпин – Жандосов көшелері аумағындағы инфрақұрылымды жаңарту. Бұл аумақта жұмыс екі кезең бойынша жүргізіліп, жалпы ұзындығы 49 шақырым инженерлік желі тартылып жатыр.

Бұған қоса, "Достық" шағынауданында мердігер ұйым құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтады. Қалған жұмыс 2026 жылы бітеді деп жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мамыр шағынауданы #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Кеше 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Кеше 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Кеше 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Кеше 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Кеше 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика