AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы басты назарда: Италияда қала туралы көлемді...

Алматы басты назарда: Италияда қала туралы көлемді гастрономиялық репортаж жарияланды

Барлығы 25.11.2025, 19:18 359
Алматы басты назарда: Италияда қала туралы көлемді гастрономиялық репортаж жарияланды
Алматы әкімдігі

Италияның жетекші басылымдарының бірі Corriere della Sera құрамына кіретін COOK гастрономиялық журналы Қазақстанға арналған ауқымды репортаж жариялады. Материалда Алматы еліміздің мәдени және гастрономиялық орталығы ретінде кеңінен таныстырылған.

Журналистер Алматы қаласы Туризм басқармасы мен Almaty Tourism Bureau шақыртуымен осы жазда Қазақстанға келіп, қаланың гастрономиясымен, мәдениетімен және туристік әлеуетімен танысты.

Репортажда Алматы мен Көлсай және Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы сынды өңірдің табиғи жауһарлары көрсетілген. Бұл нысандар қаланың инфрақұрылымымен және заманауи гастрономиялық орындарымен үйлескен бірегей туристік бағыт ретінде ұсынылған.

Материалда Алматының қазіргі гастрономиясына ерекше көңіл бөлінген. Ет, түрлі ет деликатестері сынды ұлттық тағамдар мен қымыз (ашытылған бие сүті) дәстүрлі түрде де, заманауи қырынан да ұсынылатыны айтылады. Neo Nomad cuisine бағыты да қамтылған. Мақалада бауырсақ, құрт және ысталған жылқы еті секілді тағамдардың рецептері беріліп, оқырманға қазақ асханасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасалады.

«Auyl», «Jinau», «Sandyq», «Tary» сынды мейрамханалар мысалға келтіріліп, олардың ұлттық тағамдарды заманауи тәсілмен, жергілікті ингредиенттерді шебер үйлестіре отырып әзірлейтіні жазылған.

Гастрономиядан қоса, репортажда аймақтың шарап өндірісіне де назар аударылған. Іле Алатауының баурайында Асы жайлауында орналасқан Arba Wine компаниясы өңірдің ерекше табиғи жағдайында жүзім өсіріп, жергілікті және әлемдік сорттарды ұштастыра отырып сапалы шарап өндіретіні баяндалады. Итальяндық сарапшылармен бірлескен жұмыс, халықаралық марапаттар және шарап мәдениетінің Алматы туризмінің ажырамас бөлігіне айнала бастағаны айтылады.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыға келген италиялық туристер саны 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,9% өскен. Бұл Алматының мәдениеті мен гастрономиясына деген қызығушылықтың артқанын, сондай-ақ халықаралық БАҚ пен әлем туристерінің назарында екенін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Италия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Задним числом

Бүгін 16:00

Алматы дәрігерлері ауыр жарақаттан кейін науқастың көру қабілетін ішінара қалпына келтірді

Бүгін 15:54

Алматы экономикасы: инфляция 11,7%-ға жетіп, қаржы көрсеткіштері өсті

Бүгін 15:32

Қазақстандық колледжде AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы ашылды

Бүгін 15:18

Жол саласының құрылыс маусымына дайындығы пысықталды

Бүгін 15:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика