Алматы қаласының қаржы нарығында 2025 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өзгерістер байқалды. Инфляция деңгейінің өсуі, валюта айырбастау нарығының кеңеюі, сондай-ақ депозиттер мен несиелеу көлемінің артуы мегаполис экономикасындағы негізгі үрдістерді айқындап отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
1. Инфляция
Алматы қаласы Статистика департаментінің ресми мәліметі бойынша, 2026 жылдың 1 қаңтарында инфляция 11,7% (2025 жылдың 1 қаңтарында 9,2%) болды.
Азық-түлік тауарлары 13,0%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7%-ға, ақылы қызметтер 12,4%-ға қымбаттады.
2. Валюталық нарық
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаланың қолма-қол шетел валютасын айырбастау нарығында 449 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде: 230 банктердің айырбастау пункттері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйым - 211 және «Қазпошта» АҚ - 8.
2025 жылмен салыстырғанда айырбастау пункттерінің саны 6,2%-ға 423-тен 449-ға, банк айырбастау пункттері 5,0%-ға 219-дан 230-ға, уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері 7,7%-ға 196-дан 211-ге өсті, ал «Қазпочта» АҚ айырбастау пункттерінің саны бұрынғы деңгейде қалды.
2025 жылы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа алынған айырбас бағамы 497,99–539,92 теңге, еуро – 526,82–634,24 теңге, ресей рублі – 5,16–6,72 теңге, қытай юаніне 68,68–75,90 теңге аралығында болды.
2025 жылғы айырбастау операцияларының көлемі 2024 жылмен салыстырғанда келесі валютаны сатып алу мен сатуды көрсетті:
АҚШ доллары – 72,9% және 84,8%, сәйкесінше 1 839,0 млн доллар және 3 071,4 млн долларды құрады;
еуро – 78,0% және 66,3%, сәйкесінше 128,2 млн евро және 229,2 млн евро құрады;
Ресей рублі – 117,4% және 92,4%, сәйкесінше 24 892,4 млн. рубль және 16 114,2 млн. рубльді құрады;
Қытай юані – 92,9% және 95,6%, сәйкесінше 177,7 млн юань және 183,7 млн юаньды құрады.
3. Депозит нарығы
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы 23 екінші деңгейлі банктермен ұсынылған, оның 21-і Алматы қаласында.
Резиденттердің екінші деңгейлі банктердегі депозиттерінің көлемі 2025 жылдың соңында 2024 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға өсіп, 13 847,7 млрд теңгеге жетті. Заңды тұлғалардың депозиттері 29,6%-ға өсіп, 4 350,9 млрд теңгені құраса, жеке тұлғалардың салымдары 11,7%-ға өсіп, 9 496,9 млрд теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 17,9%-ға, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 13,6%-ға өсті.
Жеке тұлғалардың депозиттерінің жалпы депозиттердегі үлесі 68,6% құрайды. Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 2024 жылғы 73,3%-бен салыстырғанда 74,0%-ды құрайды.
4. Кредит нарығы
Алматы экономикасын банктік несиелеу 2025 жылдың соңында 16 503,9 млрд теңгені құрады, ол 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өсті.
Ұлттық валютадағы несиелер көлемі 14,4%-ға өсіп, 13 352,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Шетелдік валютадағы несиелер көлемі 35,5%-ға өсіп, 3151,8 млрд теңгеге жетті.
Ұзақ мерзімді несиелер көлемі 19,5%-ға өсіп, 12 944,4 млрд теңгені құраса, қысқа мерзімді несиелер 10,8%-ға өсіп, 3 559,6 млрд теңгеге дейін өсті.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру 9,6%-ға төмендеп, 3 187,3 млрд теңгені құрады (экономикаға берілген несиелердің жалпы көлемінен 19,3%).
Кезең ішінде несиелеудің салалық құрылымында сауда мен өнеркәсіптегі басым бағыттар сақталды: қысқа мерзімді несиелер бойынша тиісінше 28,3% және 15,1% және ұзақ мерзімді несиелер бойынша 3,8% және 5,3%.