AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстандық колледжде AI Lab+ жасанды интеллект з...

Қазақстандық колледжде AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы ашылды

Білім және ғылым 18.03.2026, 10:18 218 dulatbekova
Қазақстандық колледжде AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы ашылды
Сурет: Gov.kz

APEC PetroTechnic жоғары колледжі базасында AI Lab+ жасанды интеллект зертханасы іске қосылды.

Жаңа білім беру алаңы Қазақстанда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды қадамына айналды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамытуға басымдық берілетін кезең ретінде айқындап, бұл бағыттың ел экономикасы мен технологиялық ілгерілеуіндегі стратегиялық маңызын атап өткен болатын.

AI Lab+ зертханасының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың нақты нәтижесі болды. Қазіргі уақытта екі ел арасында студенттер алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ «Цифрлық Жібек жолы» бағытында бастамаларды дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

AI Lab+ зертханасы студенттердің жасанды интеллект, робототехника, компьютерлік көру және басқа да цифрлық технологиялар салаларындағы практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Мұнда білім алушылар өндірістік ортаға барынша жақын жағдайда тәжірибе жинақтай алады.

Зертхана бірнеше заманауи оқу-зертханалық кешендермен жабдықталған. Атап айтқанда, жасанды интеллект құрылғыларына арналған кешен студенттерге бейне мен дыбысты тану, сондай-ақ «ақылды кампус» жүйелерін әзірлеуді меңгеруге мүмкіндік береді. Ал роботталған бақылау кешені өндірістік процестерді модельдеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, ROS негізіндегі автономды көлік платформасы мобильді роботтар мен автономды басқару жүйелерін тәжірибе жүзінде зерттеуге жол ашады.

AI Lab+ зертханасы студенттер үшін ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды іске асыратын тиімді алаңға айналып, еліміздің цифрлық трансформациясына үлес қоспақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика