Қазақстанда күн күрт суытады: кей өңірлерде -40 градусқа дейін аяз болады
24–26 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытып, солтүстік пен шығыста ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, желдің күшеюі, тұман мен көктайғақ күтіледі.