Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / 27 сантиметр: Алматыда бір түнде қалың қар жауды

27 сантиметр: Алматыда бір түнде қалың қар жауды

Қала тынысы Бүгін 13:10 38
27 сантиметр: Алматыда бір түнде қалың қар жауды
Алматы әкімдігі

Алматыда қар 10 наурызда кешке жауа бастады. Қар жауа бастаған сәттен бастап қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Негізгі міндет — көктайғақтың алдын алу және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл туралы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, жауын-шашын алдымен жаңбыр түрінде басталып, кейін қарға ұласып, 11 наурыз күні таңға дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында қалаға шамамен 27 сантиметр қар түсті.

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшелерге 75 жедел бригада, 2710 жол саласы жұмысшысы және 1225 арнайы техника жұмылдырылды. 200-ден астам сыпыру техникасы жолға көктайғаққа қарсы материалдарды сеуіп жүр. Себу жұмыстары аяқталғаннан кейін техника 28 колоннаға біріктіріліп, магистральдық көшелерді тазалауға кіріседі.

Түннен бастап қаланың негізгі магистральдарында қарды жинау жұмыстары қолға алынды. Жұмыс жол полициясының патрульдік көліктерінің көмегімен техника колонналары арқылы істеліп жатыр. Сонымен қатар шағын көлемді техника мен жұмысшылар тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті өткелдерін, баспалдақтар мен пандустарды тазалауда.

Синоптиктердің болжамынша, 11 наурыз күні күндіз жауын-шашын болмайды, ауа температурасы –6…–8 градус шамасында болады, кейін тағы төмендейді.

Қала тұрғындарынан сақтық шарасын сақтау ескертіледі: жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға, ал жүргіншілерге тротуарларда абай болуға кеңес беріледі. Сонымен қатар тұрғындардан қар тазалайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеу және көшелерді жедел тазалауды қамтамасыз ету үшін көліктерін жол жиегіне қоймау сұралады. Коммуналдық қызмет тәулік бойы көше мен жолдың жағдайын бақылап, қаланы тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ауа райы #Қалың қар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы мен қызы жер қойнына тапсырылды

Бүгін 14:25

Алматыда қалың қар жауды: қала көрінісі қандай?

Бүгін 13:56

Алматыдағы референдум учаскелері саяси науқанға дайын

Бүгін 13:40

Қазақстанда "Nauryz Sale" мерекелік акциясы басталады

Бүгін 13:28

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшісі UFC 326 турнирінде жеңімпаз атанды

Бүгін 13:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика