AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шетелдіктер Қазақстанда суррогат ана қызметіне тап...

Шетелдіктер Қазақстанда суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алмайды

Әлеумет 26.01.2026, 17:15 231
Шетелдіктер Қазақстанда суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алмайды
Сурет: freepik.com

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Мәжіліс депутатының сауалына берген жауапта суррогат ана қызметін реттейтін заңнама қай бағытта жетілдірілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

– Қолданыстағы заңнама бойынша, қазір Қазақстан Республикасының азаматтары да, шетел азаматтары да суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алады. Іс жүзінде халықаралық суррогат ана болу жағдайларында түрлі қақтығыстар мен сот процестері туындай бастады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында суррогат ана болу қызметін тек Қазақстан азаматтарына ғана көрсету туралы норманы белгілеу бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне түзетулер әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр. Мүдделі мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін Парламентке белгіленген тәртіппен енгізіледі, - делінген жауапта.

Қанат Бозымбаев салаға мемлекеттік бақылауды күшейту үшін Әділет министрлігі суррогат ана болу шарттарын Біртұтас нотариаттық ақпараттық жүйеде міндетті есепке ала бастайтынын да айтқан.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#суррогат ана #қызмет #шетелдіктерге тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жолшыбеков пен Нұртаза Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа жеткізілмек

Бүгін 09:36

Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр

Бүгін 09:19

Сегіз қаланың тұрғындарына ескерту жасалды

Бүгін 09:12

Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Кеше 20:06

ЖАҢАРУ МЕН ЖЫЛУЛЫҚ ЖАРШЫСЫ: ҰЛТТЫҚ ҰЛАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Кеше 19:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика