Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Сатпаев тізімде жоқ: «Қайрат» Абу-Дабидегі жиынға...

Сатпаев тізімде жоқ: «Қайрат» Абу-Дабидегі жиынға баратын ойыншыларын атады

Спорт 04.01.2026, 09:10 490
Сатпаев тізімде жоқ: «Қайрат» Абу-Дабидегі жиынға баратын ойыншыларын атады
Дастан Сатпаев. Фото: ФК "Кайрат"

Алматылық «Қайрат» футбол клубы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Команда бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің жетекшілігімен БАӘ-ге 25 футболшымен аттанады. Клубтың мәліметінше, Дастан Сатпаев, Олжас Байбек және Азамат Туяқбаев әзірге сапқа қосылмаған – олар оңалту кезеңінен өтіп жатыр.

Абу-Дабиге баратын құрам

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмырза, Данила Буч.

Қорғаушылар: Луиш Мата, Александр Мартынович, Егор Сорокин, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Сұлтан Аскаров, Әмірбек Базарбаев.

Жартылай қорғаушылар: Дан Глейзер, Валерий Громыко, Дамир Қасабулат, Әділет Садықбеков, Яакко Оксанен, Юг Станоев, Мұхамедәли Әбіш, Исмаил Бекболат.

Шабуылшылар: Жоржиньо, Эдмилсон, Рикардиньо, Рамазан Бағдат, Мансұр Бірқұрманов.

Айта кетейік, тізімге алматылықтардың жаңа ойыншысы – Финляндия құрамасының жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен де енгізілген.

Клуб бұған дейін 4 қаңтар күні таңертең команда БАӘ-ге ұшатынын хабарлаған. Жиын 15 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл кезеңдегі басты міндет – маусымға қажетті физикалық бабқа келу және ресми кездесулерге тыңғылықты дайындалу.

Оқу-жаттығу жиыны аясында «Қайрат» екі жолдастық матч өткізеді:

  • 9 қаңтар – әзербайжандық «Нефтчиге» қарсы;

  • 14 қаңтар – хорватиялық «Вараждинге» қарсы.

Ал одан кейін алматылық клубты Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы екі ойыны күтеді:

  • 20 қаңтар – бельгиялық «Брюггеге» қарсы;

  • 28-інен 29 қаңтарға қараған түні – лондондық «Арсеналмен» кездесу.

Турнирдегі жағдай

Қазір «Қайрат» турнир кестесінде 36-орында тұр. Команданың қоржынында кипрлік «Пафоспен» болған 0:0 тең нәтижеден кейінгі 1 ұпай бар. Бұған дейін «Спортинг», «Реал», «Интер», «Копенгаген» және «Олимпиакосқа» қарсы ойындарда ұпай ала алмады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #футбол #Қайрат ФК #Дастан Сатпаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика