Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Иттің тамағы 3 миллиард теңге

Иттің тамағы 3 миллиард теңге

Әлеумет 23.01.2026, 11:26 200
Иттің тамағы 3 миллиард теңге
ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі қызметтік иттерге арналған жем-шөп сатып алуға ҚҚС-ты есептемегенде 3 миллиард теңге бөлген, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әрқайсысы шамамен 1 миллиард теңгеден тұратын үш мемлекеттік сатып алуға Protenge Telegram-арнасы назар аударған. Арна мемлекеттік порталдағы скриншоттарды дәлел ретінде келтірді.

- Шынын айтсақ, мұндай шығынға не дерімізді де білмей отырмыз: мақтану керек пе, таңдану керек пе, әлде алаңдайтын уақыт келді ме? Көрсетілген сомаға қарасақ, иттерді элиталық жеммен тамақтандыруы тиіс. Қызметін ескерсек түсінуге болады. Бірақ шекарашыларда нақты қанша ит бар және құрғақ жемге 3 миллиард теңге жұмсау қаншалықты орынды?, деп ирониямен жазады Protenge.

ҰҚК Шекара қызметінің сатып алуларының нақты көлемі мен тиімділігін бағалау әзірге мүмкін емес. Себебі техникалық тапсырмалар мен жеткізу көлемі ашық қолжетімді дереккөздерде жарияланбаған.

Комитет жабық құрылым саналғандықтан, бұл ақпараттардың барлығы құпиялылық талаптарына жатады.

Protenge дерегінше, нақты шығын көлемі көрсетілген сомадан аз болуы ықтимал. Себебі байқауларға 127 әлеуетті жеткізуші қатысуға ниет білдірген.

Алайда келісімшарттардың соңғы бағасы мен нақты сатып алынған көлемді ашық деректер арқылы тексеру мүмкін емес.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:15

KASE саудасында доллар бағамы төмендеді

Бүгін 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика