Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «DEAF MADE» фестивалі айрықша таланттылардың  басы...

«DEAF MADE» фестивалі айрықша таланттылардың  басын қосты 

Барлығы 21.11.2025, 19:46 416
«DEAF MADE» фестивалі айрықша таланттылардың  басын қосты 
Аяжан Серікқызы

Алматы технология және флористика колледжінің Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ерекше шара ұйымдастырды. Халықаралық саңыраулар күніне арналған III Республикалық инклюзивті «DEAF MADE» фестивалі өтті. Шараның шырайы да, шынайылығы да бөлек - тыныштыққа үйренген жүректердің өз өнерін өзгеше әдіспен жеткізуі көрерменді қайран қалдырмай қоймады.

2025 жылдың Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы бұл фестивальдің мәнін одан сайын арттырды. Себебі шара тек шығармашылық емес, техникалық және жұмысшы мамандықтарды меңгеріп жүрген есту қабілеті бұзылған жастардың әлеуетін танытатын алаңға айналды. Мұнда олардың өнері ғана емес, еңбекке деген ынтасы, мамандыққа деген талпынысы да айқын көрінді. Фестивальге еліміздің түрлі өңіріндегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан келген студенттер жиналды. Үш жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл мәдени шара бір жағынан - өнер додасы, екінші жағынан - инклюзияның нақты көрінісі. Кедергісіз орта, тең мүмкіндік, шығармашылық еркіндік — фестивальдің басты қағидаттары.

Фестивальдің алғашқы бөлімі -«Біздің бренд» өзін-өзі таныстыруы.Екінші бөлім халық биі.
Үшінші бөлім Ым-ишарамен ән айту кезеңі болды.Бұл - фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі болды. Әр қимыл, әр ишара — сөздің орнына жүретін эмоция. Фестивальдің соңғы бөлімі — «Заманауи этно-стиль» мода театры.

НҰРЫМБЕТОВ Анарбек Қалдарұлы, Алматы технология және флористика колледжінің директоры:

– Бүгін біз есту мүмкіндігі шектеулі жандардың бойындағы ерекше талантты, шексіз шығармашылықты және жігерлі мінезді көпшілікке кеңінен көрсету үшін бас қосып отырмыз. Инклюзивті орта қалыптастыру – қоғамның дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Сол себепті мұндай шаралар әр адамның қабілеті мен мүмкіндігіне жол ашып, өз орнын табуына мүмкіндік береді. Әрбір өнер көрсету, әрбір ұсынылған идея – қарапайым сахналық нөмір емес. Бұл – адамның ішкі мүмкіндігінің молдығын, оның қолынан келмейтін іс жоқ екенін дәлелдейтін шағын жеңіс. Біздің колледж үшін бұл фестиваль ерекше маңызға ие. Себебі мұнда тек талант емес, ең алдымен қайсарлық, төзімділік, өз-өзін дамытуға деген талпыныс көрінеді. Осындай іс-шаралар арқылы қоғамға инклюзивтік мәдениеттің қандай маңызды екенін тағы бір рет көрсету мүмкіндігі туады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысының қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Бүгін 12:25

Балық өнімдері өндірісі 15%-ға сырттан тәуелділікті азайтты

Бүгін 12:17

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Бүгін 11:48

Дүние керуен

Бүгін 11:41

Алматыда газбен жабдықтайтын нысандар тексеріліп жатыр

Бүгін 11:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика