Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала қарбалас / Алматыда газбен жабдықтайтын нысандар тексеріліп ж...

Алматыда газбен жабдықтайтын нысандар тексеріліп жатыр

Қала қарбалас Бүгін 11:35 39
Алматыда газбен жабдықтайтын нысандар тексеріліп жатыр
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жасалып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өрттің, жарылыс пен газдың шығу қаупінің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов мәлімдеді.

200-ге жуық нысан профилактикалық бақылауда

2025 жылы Алматыда газ жабдықтарын, қазандықтарды, газ баллондары мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды көздейтін кең ауқымды ақпараттық айлық өткізілді. Кампания аясында мамандар 197 нысанды қамтып, тексеру жүргізді. Олардың қатарында:

• 22 базар;

• 29 сауда-ойын-сауық орталығы;

• 25 автономды қазандықтары бар нысан (тұрғын кешендер, әкімшілік ғимараттар және жеке үйлер);

• 24 газдандырылмаған жатақхана мен хостел;

• 97 қоғамдық тамақтану нысаны бар.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты — апатты азайту мен коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Әлеуметтік тұрғыда осал отбасыларға ерекше назар аударылды

Әр жылыту маусымы басталар алдында қалада халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын үйлерге көміртек тотығы мен табиғи газды анықтайтын автономды датчиктер, сондай-ақ өрт хабарлағыштары орнатылады.

Бұл жұмысқа аудандық ТЖД бөлімшелері, полиция, еріктілер мен басқа да қалалық қызметтер қатысады. Жабдықтарды орнатумен қатар, бұрын орнатылған құрылғылардың жұмысқа жарамдылығы да тексеріледі.

Жұмыс биыл да жалғасты

Биыл да осындай профилактикалық жұмыс ТЖД-мен бірлесіп бекітілген жоспар аясында жалғасты. Жоспар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша ақпараттық айлық өткізуді қамтиды.

Жыл басынан бері Әуезов пен Алмалы ауданын аралап шықтық. Алдағы уақытта қаланың барлық ауданын қамту жоспарланып отыр. Іс-шараларға төтенше жағдайлар қызметінің аудандық бөлімшелері, «Алматы Газ» Абоненттік есептеу орталығының (ішкі газ жабдықтарына қызмет көрсету) мамандары, полиция өкілдері мен еріктілер қатысады.

Тұрғындардың өтініші бойынша тексеру

Жұмыстың тағы бір бағыты — азаматтардың өтініштері бойынша жүргізілетін жоспардан тыс тексеру.

Жылдың басынан бері 7 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оның ішінде:

• газ жабдықтары бойынша — 4 тексеру (оның 3-еуі әлі қаралуда), 21 625 теңге көлемінде бір айыппұл салынды;

• лифттер бойынша — 6 тексеру (оның 2-еуі әлі қаралуда), 64 875 теңге көлемінде бір айыппұл салынды.

Осылайша, екі нысан бойынша жалпы сомасы 86 500 теңге болатын әкімшілік хаттама рәсімделді.

Өткен жылдардағы заң бұзушылықтың статистикасы

Былтыр 47 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 33 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 1 684 962 теңге айыппұл салынған.

Тексерудің құрылымы төмендегідей болды:

• газ бойынша — 15 тексеру, айыппұл 701 962 теңге;

• қазандықтар бойынша — 5 тексеру, айыппұл 294 900 теңге;

• лифттер бойынша — 26 тексеру, айыппұл 629 120 теңге;

• аспалы жол бойынша — 1 тексеру, айыппұл 98 300 теңге.

2024 жылы 44 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде 19 субъект жалпы сомасы 808 548 теңге көлемінде жауапкершілікке тартылған.

Қауіпсіздік – тұрақты бақылауда

Жандос Қайырхановтың айтуынша, газ жабдықтарын, тұрмыстық газ баллондары мен коммуналдық-тұрмыстық газбен жабдықтау жүйесін қауіпсіз пайдалану қалалық қызметтердің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.

Қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау әрі қарай да жалғасады, Алматыда профилактикалық және тексеру жұмысын кеңейту жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #нысандар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысының қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Бүгін 12:25

Балық өнімдері өндірісі 15%-ға сырттан тәуелділікті азайтты

Бүгін 12:17

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Бүгін 11:48

Дүние керуен

Бүгін 11:41

Алматыда газбен жабдықтаудың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика