Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайынд...

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Спорт 10.01.2026, 14:32 272
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
almaty-akshamy.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұржан Насанов туралы не белгілі?

Нұржан Насанов 1975 жылғы 23 қазанда дүниеге келген.

Жаттықтырушылық қызметін 2016 жылы бастаған. Ал 2024 жылғы тамыздан бері ұлттық құраманың бапкерлер штабына кіріп, команданың бұрынғы жетекшісі Қайрат Сәтжановпен бірге жұмыс істеді. Оның шәкірттері қатарында екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және басқа да бірқатар боксшы бар.

Насанов бұл қызметте денсаулығына байланысты ұлттық құрамамен жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған Қайрат Сәтжановтың орнын басты.

"Сәтжанов Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылғы тамыздан бастап Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді. Қайрат Тұрсынханұлына отандық бокс қауымдастығының атынан алғыс білдіреміз", - делінген ресми хабарламада. 

Бұған дейін 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдаулетов Маңғыстау облысындағы бокстан олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры болып тағайындалғаны белгілі болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #спорт #Бас бапкер #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Білім саласының ардагері Ағайша Әмірқызы Сапарова өмірден озды

Бүгін 13:19

Мемлекет басшысының қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Бүгін 12:25

Балық өнімдері өндірісі 15%-ға сырттан тәуелділікті азайтты

Бүгін 12:17

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Бүгін 11:48

Дүние керуен

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика