AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Білім саласының ардагері Ағайша Әмірқызы Сапарова...

Білім саласының ардагері Ағайша Әмірқызы Сапарова өмірден озды

Өмір-өзен 12.03.2026, 13:19 956 dulatbekova
Білім саласының ардагері Ағайша Әмірқызы Сапарова өмірден озды
Сурет: Білім басқармасы

Жас ұрпақты тәрбиелеуге бүкіл ғұмырын арнаған, шын мәніндегі Азамат, Ұстаз – Ағайша Әмірқызы Сапарова өмірден өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ағайша Әмірқызы 1963 жылы 16 ақпанда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген. Он бала тәрбиеленген үлкен отбасында өсіп, ол жастайынан еңбекқорлықтың, өзара көмектің және білімге ұмтылыстың қадірін түсініп өсті. Бала кезінен-ақ жүрегінде мейірім мен нәзіктікті сақтай білген Ағайша Әмірқызы туған тілі мен әдебиетіне деген ерекше сүйіспеншілігімен ерекшеленді.

Осы сүйіспеншілік оны 1980 жылы дайындық бөліміне, кейіннен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының бірінші курсына алып келді. Аталған оқу орнын ол 1985 жылы үздік дипломмен аяқтады.

Ағайша Әмірқызы білім беру саласына 45 жыл өмірін арнады. Еңбек жолын балабақша тәрбиешісі болып бастап, кейін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Кейін Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы, сондай-ақ қалалық инклюзивті ресурстық орталықтың жетекшісі болды.

Педагогикалық қызметтегі ерекше жетістіктері үшін Ағайша Әмірқызы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған, сондай-ақ бірқатар мерейтойлық медальдар мен төсбелгілердің иегері.

Әріптестері оны әрдайым «Сөзі мен ісі бір жерден шығатын адам» ретінде еске алады. Оның бойында талапшылдық пен жан жылуы, жоғары кәсібилік пен ұстазға тән қарапайымдылық ерекше үйлесім тапқан еді.

Алматы қаласының Білім басқармасы Ағайша Әмірқызы Сапарованың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі Алматы қаласының ғана емес, бүкіл елдің педагогикалық қауымдастығының тарихында мәңгі сақталады.

Ағайша Әмірқызының жарқын бейнесі оның шәкірттері мен әріптестерінің жүрегінде әрдайым биік тұлғалы Адам ретінде өшпес із қалдырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім саласы #Ардагер #Өмірден озды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика