AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдан 24 мың текше метр қар шығарылды

Алматыдан 24 мың текше метр қар шығарылды

Әлеумет 24.01.2025, 09:07 635
Алматыдан 24 мың текше метр қар шығарылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

22-23 қаңтарда Алматы қаласында жауған қардың қалыңдығы 18 см-ге жетті. Осыған байланысты коммуналдық қызмет қарды күреу мен шығару жұмыстарын кең ауқымда ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Түнгі уақытта қарды шығару үшін 161 жүк көлігі жұмылдырылды. Қар жауғаннан бері 24 мың текше метр қар шығарылды.

Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жолдарды тазарту мақсатында 442 арнайы техника, оның ішінде 175 тартылған көлік қолданылды. 1280 жұмысшы жолдарды тазалауға кіріссе, оның ішінде 257 адамы қосымша тартылған.

Сонымен қатар, тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау жұмыстары жүргізілуде.

24 қаңтар күндізгі уақытта 448 арнайы техника мен 1192 жұмысшы жұмылдыру жоспарланып отыр.

«Қазгидромет» РМК болжамынша 24 қаңтарда күн алабұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндізгі ауа температурасы -10…-12°С шамасында болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика