AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңа...

Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңа жылдық шыршаларды қабылдау акциясын бастады

Барлығы 08.01.2026, 14:29 298
Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңа жылдық шыршаларды қабылдау акциясын бастады
Cурет: Алматы хайуанаттар бағының баспасөз қызметі

Алматы хайуанаттар бағы пайдаланылған табиғи жаңа жылдық шыршаларды қабылдауға арналған экологиялық акцияны бастады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұл бастама жасыл желектерге «екінші өмір» сыйлап, жануарлардың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік береді. 

Жаңа жыл мерекелері аяқталғаннан кейін қала тұрғындары тірі шыршаларды қоқысқа тастамай, оларды Алматы хайуанаттар бағына тапсыра алады. Қабылданған ағаштар жануарлар қоршауына қойылып, олардың тіршілік ортасын байыту мақсатында пайдаланылады.

Шыршалар бұғы, елік, қодас, қабан және басқа да жануарлардың қоршауында қолданылады. Жануарлар жаңа заттарға ерекше қызығушылық танытып, шыршаларды иіскеп, дәмін татып, тартып, секіріп, бұтағына сүйкеніп, қабығымен ойнайды. Бұл олардың қимыл-қозғалысын арттырып, күйзелісті азайтып, күнделікті тіршілігін әрлендіре түседі.

Аталған акция экологиялық шара ғана емес, бұл адамдарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, саналы тұтынуға шақыратын тағылымды бастама. 

Шыршаларды қабылдау орны:
Алматы хайуанаттар бағының қызметтік кіреберісі
Алматы қаласы, Орманов көшесі, 64

Қабылдау мерзімі: 8-18 қаңтар
Тек табиғи, тірі шыршалар қабылданады

Байланыс телефоны: 8 (701) 676-85-85

Алматы зоологиялық паркі қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғауға үлес қосуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хайуанаттар бағы #акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Бүгін 12:30

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығы отбасыларды сақтап, балаларды ата-анасына қайтаруға көмектесіп жатыр

Бүгін 12:19

Алматыдағы Отбасын қолдау орталығына былтыр 1,3 мыңнан астам өтініш түсті

Бүгін 12:16

1 сәуірден бастап Алматы мен бүкіл Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау жұмысы толық автоматтандырылған іріктеу жүйесіне көшеді

Бүгін 12:04

Дональд Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика