AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағас...

Президент Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарын қабылдады

Саясат 12.10.2021, 15:59 1,948
Президент Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарын қабылдады
Сурет: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады




Мемлекет басшысы АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің  алтыншы отырысына қатысу үшін елімізге келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Түрікменстан өткізген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуінде ынтымақтастықты одан әрі күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатымен өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікменстандық дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысып, Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.


Кездесуде Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Түрікменстанда өтетін VI Каспий саммитіне дайындық барысы қарастырылды.


Рашид Мередов Қазақстан Президентіне қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өз еліне мемлекеттік сапармен келуге шақыруын табыс етті.


Қасым-Жомарт Тоқаев шақыртуды қабыл алатынын айтып, қазақ-түрікмен ынтымақтастығына барлық сала бойынша тың серпін беру мақсатында жуық арада Ашхабадқа сапармен баратынын жеткізді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Түрікменстан #кабинет #төраға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Кеше 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Кеше 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Кеше 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кеше 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);