AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Зульфияның жаңа рекордтары

Зульфияның жаңа рекордтары

Спорт 20.04.2022, 06:51 1,511
Зульфияның жаңа рекордтары
almaty-akshamy.kz


Зульфия Чиншалло ел чемпионатында 4 рекорд жаңартты


Зульфия 59 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Ол қоссайыс қорытындысында 223 келіні (95+128) көтерді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Екінші орынға ие болған қарсыласын 51 келіге артқа қалдырған З.Чиншалло Қазақстанның төрт рекордына (жұлқа көтеруден екі, серпе көтеруден бір және қоссайыс қорытындысында) қол жеткізді.


Сонымен қатар қазақстандық ауыр атлетке Ашхабад қаласында 2018 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі де табыс етілді. Бұл біріншілікте Зульфия бесінші орынға табан тіреген еді. Әйтсе де, оның алдындағы екі спортшының нәтижелері жоққа шығарылғандықтан, З.Чиншанло үздік үштікке іліккен еді.


З.Чиншалло ел біріншілігіне тыңғылықты дайындалғанын, сондай-ақ әлем чемпионатының жүлдесін алғанына қуанышты екендігін, бұдан былай да тынбай еңбектене беретінін жеткізді.


Зульфия Чиншаллоны осынау табысымен Илья Ильин Инстаграмдағы парақшасында құттықтады.



"Бүгін Зульфия Чиншалло серпе көтеруден 128 кг олимпиада рекордына қол жеткізді. Жалпы нәтиже – 223 кг және әлемдік рейтингте 1-орынға көтеріледі. Саған өзіңнің бесінші Олимпиадаңа барып, алтын алуыңа тілектеспін", – деп жазды И.Ильин.



Қазақстан чемпионатындағы алғашқы екі күннің нәтижелері мынадай:


Әйелдер. 45 келі


1. Александра Беленко (59+76) – ШҚО


2. Айнұр Әбдіхалықова (59+72) – Жамбыл облысы


3. Альфия Гарифуллина (57+73) – Алматы облысы


 49 келі


1. Дарья Балабанюк (70+83) – Қарағанды облысы


2. Айым Мұхаметжанова (60+75) – Ақмола облысы


3. Салтанат Қыпшақбай (48+59) – Қызылорда облысы


 55 келі


1. Айгерім Ауылбек (76+94) Алматы обл.


2. Шынар Жапар (73+86) Жамбыл обл.


3. Бибісара Жанболат (64+80) Алматы обл.


 59 келі


1. Зульфия Чиншанло (95+128) Алматы обл.


2. Алтынай Тәнірбергенова (74+98) Қызылорда обл.


3. Алина Колиушко (77+94) СҚО


Ерлер. 55 келі


1. Арли Чонтей (109+127) – Шымкент


2. Анатолий Грубов (110+125) – Алматы облысы


3. Ерназ Алпысов (102+123) – ШҚО


 61 келі


1. Өтепберген Әлиев (121+145) БҚО


2. Азамат Төлеген (113+138) Қызылорда обл.


3. Жалғас Сеитов (113+133) Ақмола обл.


Қазақстан чемпионаты 23 сәуірге дейін жалғасады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зульфия #чемпион #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);